---
title: "«Астананың» бас бапкері Мирослав Беранек отставкаға кету жөнінде өтініш берді"
description: "Бүгін «Астана» ФК бас бапкері Мирослав Беранек отставкаға кету жөнінде өтініш берді, деп хабарла..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-07-14T23:22:52+00:00"
modified: "2013-07-14T23:22:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanany-bas-bapkeri-miroslav-beranek-otstavka-a-ketu-zh-ninde-tinish-berdi-363187"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanany-bas-bapkeri-miroslav-beranek-otstavka-a-ketu-zh-ninde-tinish-berdi-363187/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Астананың» бас бапкері Мирослав Беранек отставкаға кету жөнінде өтініш берді

> Бүгін «Астана» ФК бас бапкері Мирослав Беранек отставкаға кету жөнінде өтініш берді, деп хабарла...

#

![«Астананың» бас бапкері Мирослав Беранек отставкаға кету жөнінде өтініш берді](http://bnews.kz/picture/380/news/4fdceb7e2c8f075fa259a13d40eec642.jpg)

Бүгін «Астана» ФК бас бапкері Мирослав Беранек отставкаға кету жөнінде өтініш берді, деп хабарлайды [BNews.kz](http://www.bnews.kz/kk/)тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Мен Еуропа Лигасы аясында болгарлық «Ботев» клубына қарсы өткізілген кешегі ойыннан кейін командадан кетуді ұйғардым. Мен – бас бапкермін, демек клубтың нәтижесіне жауап беруім керек. Мына жағдайда жеңілісті өз мойныма алсам деймін. Қалыптасқан жағдайды талдай келе, «Астана» үшін менің клубтан кеткенім пайдалы екенін түсіндім», — деді Беранек өз шешіміне қатысты.

Клуб басшылығы әзірге Беранектің өтінішіне қол қойған жоқ.

«www.bnews.kz».

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astanany-bas-bapkeri-miroslav-beranek-otstavka-a-ketu-zh-ninde-tinish-berdi-363187](https://yvision.kz/kk/post/astanany-bas-bapkeri-miroslav-beranek-otstavka-a-ketu-zh-ninde-tinish-berdi-363187)