---
title: "Астананың АЖҚС-тарындағы бензиннің сапасын ТҚҚК тексерді"
description: "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 201..."
author: "KZPP"
published: "2017-01-17T23:51:59+00:00"
modified: "2017-01-17T23:51:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanany-azh-s-tarynda-y-benzinni-sapasyn-t-k-tekserdi-749839"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanany-azh-s-tarynda-y-benzinni-sapasyn-t-k-tekserdi-749839/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астананың АЖҚС-тарындағы бензиннің сапасын ТҚҚК тексерді

> Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 201...

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 2016 жылғы қараша- желтоқсан айларында Астана қаласындағы «Sinooil» ЖШС-ның (Қорғалжын тас жолы, 116, Кравцов көшесі, 8), «Новая АЗС» ЖШС-ның (Қосшығұлұлы көшесі, 3, «Compass» АЖҚС), «Газпром нефть Казахстан» ЖШС-ның (Бөгенбай батыр даңғылы, 24), «Ойл» ЖШС-ның (С. Сейфуллин көшесі, 63/4), «Номад Ойл» ЖШС-ның АЖҚС (Керей-Жәнібек хандар көшесі, 9) автомобильге жанар-жағармай құю станцияларындағы автомобиль бензині мен дизель отынының сапасына мониторинг жүргізді.

Сынақ зертханалары автомобиль бензинінің 13 сынамасын зерттеді, оның ішінде бензиннің 3 сынамасы (23%): «Газпром-Омский НПЗ» АҚ өндірген («Ойл» ЖШС-ның АЖҚС, С. Сейфуллин көшесі, 63/4), «Башнефть» ААҚ өндірген («Номад Ойл» ЖШС-ның АЖҚС, Керей-Жәнібек хандар көшесі, 9) бензиндегі ***күкірттің құрамы*** және «Башнефть» ААҚ өндірген («Номад Ойл» ЖШС-ның АЖҚС, Керей-Жәнібек хандар көшесі, 9) бензиндегі ***бензолдың көлемдік үлесі*** «Автомобиль және авиация бензиніне, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштар мен мазутқа арналған отынға қойылатын талаптар туралы» 013/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келмейді.

Сондай-ақ, дизель отынының 5 сынамасы тексерілді, оның ішінде отынның 1 сынамасы (20%) «Ачинский нефтеперерабатывающий завод ВНК» ААҚ өндірген (Қосшығұлұлы көшесі, 3, «Новая АЗС» АЖҚС) ***отынның тұтану температурасы*** 013/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келмейді.

*Сәйкес келмейтін бензинді өткізудің барлық фактілері бойынша кәсіпкерлік субъектілер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.*

***[http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=6792](http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=6792)***

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astanany-azh-s-tarynda-y-benzinni-sapasyn-t-k-tekserdi-749839](https://yvision.kz/kk/post/astanany-azh-s-tarynda-y-benzinni-sapasyn-t-k-tekserdi-749839)