---
title: "Астаналық ведомство өкілдері мектеп оқушыларымен кездесті"
description: "10 қазан күні №1 Талғат Бегелдинов атындағы мектеп-лицейінде қалалық ведомства өкілдерінің қатысумен шұғыл кеңес өтті. Астана қаласы әкі?..."
author: "journalist_n"
published: "2024-10-16T11:23:37+00:00"
modified: "2024-10-16T11:23:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanalyk-vedomstvo-okilderi-mektep-okushylarymen-kezdesti-1007933"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanalyk-vedomstvo-okilderi-mektep-okushylarymen-kezdesti-1007933/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астаналық ведомство өкілдері мектеп оқушыларымен кездесті

> 10 қазан күні №1 Талғат Бегелдинов атындағы мектеп-лицейінде қалалық ведомства өкілдерінің қатысумен шұғыл кеңес өтті. Астана қаласы әкі?...

**10 қазан күні №1 Талғат Бегелдинов атындағы мектеп-лицейінде қалалық ведомства өкілдерінің қатысумен шұғыл кеңес өтті. Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Берікұлының төрағалығымен өткен жиынға қалалық полиция департаменті, Білім басқармасының мамандары, мектеп және колледж директорлары қатысты.**

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/7191fd56bbc19b9cabed25d093b7b670.jpg?width=1600&height=900)

Басқосуда кәмелетке толмаған білім алушылардың тәртібі, қауіпсіздігі және ата-аналары мен мектеп тарапынан бақылау мәселелері көтерілді.

ПД-нің бірінші орынбасары Эльдар Данияров мұғалімдерді полициямен тығыз қарым-қатынас жасауға шақырды. Өйткені қай баланың көшбасшы, ал қай баланың буллингке бейім екені ұстаздарына ғана белгілі.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/2abb2dd4bf9375a263b969112e43a857.jpg?width=1600&height=900)

Жиын барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылыққа қатысты деректер де келтірілді. Атап айтар болсақ, жыл басынан бері 186 кәмелетке толмаған жас жауапқа тартылған. Оның 110-ы мектеп оқушылары. Одан бөлек, 18-ге толмаған 190 бала әртүрлі қылмыстың құрбаны болған. Бұл цифрлар жастармен белсенді жұмыс істеп, олардың тәртібін қатаң бақылауға алу керегінің айқын дәлелі болып отыр.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/4a800619937efac388d16c6d7a0d7752.jpg?width=1600&height=900)

Бұдан кейін ведомства мүшелері қала бойынша аудандарға бөлініп, 70-ке жуық білім беру ұйымдарының жасөспірімдерімен кездесіп, қылмыстық істі алдын алуға бағытталатын түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

**Фото: Астана қаласы Білім басқармасының **

**баспасөз қызметінен**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astanalyk-vedomstvo-okilderi-mektep-okushylarymen-kezdesti-1007933](https://yvision.kz/kk/post/astanalyk-vedomstvo-okilderi-mektep-okushylarymen-kezdesti-1007933)