---
title: "Астаналық әйел Бишімбаевтың жазасын жеңілдетемін деп,..."
description: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің көптеген сұрауларына байланысты хабарлама таратты. Фото: ulysmedia.kz \"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ. Бишімбаевтың туыстарының арызы бойынша елорда тұрғыны..."
author: "jan.123"
published: "2024-06-21T10:52:12+00:00"
modified: "2024-06-21T10:54:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanaly-yel-bishimbaevty-zhazasyn-zhe-ildetemin-dep-100-mln-te-geni-aldap-al-an-1005904"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanaly-yel-bishimbaevty-zhazasyn-zhe-ildetemin-dep-100-mln-te-geni-aldap-al-an-1005904/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астаналық әйел Бишімбаевтың жазасын жеңілдетемін деп,...

> Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің көптеген сұрауларына байланысты хабарлама таратты. Фото: ulysmedia.kz "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ. Бишімбаевтың туыстарының арызы бойынша елорда тұрғыны...

*Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің көптеген сұрауларына байланысты хабарлама таратты. *

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/4008d3d97e7247c9ded88eb5d9dbc0.jpg)

*Фото: ulysmedia.kz*

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ. Бишімбаевтың туыстарының арызы бойынша елорда тұрғыны Г-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ол аса ірі мөлшерде алаяқтыққа оқталу, яғни Қ. Бишімбаевтың үкімін жеңілдетемін деп алдау арқылы 100 млн теңгені иемденді деген күдікке ілінді.

Сонымен қатар, күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу болып саналады.

Оның қылмыстық әрекетінің басқа эпизодтары тексерілуде.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұрынғы ұлттық экономика министрі [Қуандық Бишімбаев әйелін өлтіргені үшін биыл 13 мамырда 24 жылға сотталған](https://yvision.kz/kk/post/bishimbaev-pen-bayzhanov-a-atysty-sot-kimi-shy-ty-1004562) болатын.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astanaly-yel-bishimbaevty-zhazasyn-zhe-ildetemin-dep-100-mln-te-geni-aldap-al-an-1005904](https://yvision.kz/kk/post/astanaly-yel-bishimbaevty-zhazasyn-zhe-ildetemin-dep-100-mln-te-geni-aldap-al-an-1005904)