---
title: "Астаналық спортшы кәсіби панкратионнан әлем чемпионы атанды"
description: "Бурабай курортында «Бурабай Панкратион-2014» ХIV дәстүрлі халықаралық жекпе-жек фестивалі өтті, ..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-08-04T02:40:43+00:00"
modified: "2014-08-04T02:40:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanaly-sportshy-k-sibi-pankrationnan-lem-chempiony-atandy-423921"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanaly-sportshy-k-sibi-pankrationnan-lem-chempiony-atandy-423921/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астаналық спортшы кәсіби панкратионнан әлем чемпионы атанды

> Бурабай курортында «Бурабай Панкратион-2014» ХIV дәстүрлі халықаралық жекпе-жек фестивалі өтті, ...

[!\[Астаналық спортшы кәсіби панкратионнан әлем чемпионы атанды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/08/20140804104725-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/08/20140804104725.jpg) Бурабай курортында «Бурабай Панкратион-2014» ХIV дәстүрлі халықаралық жекпе-жек фестивалі өтті, деп хабарлады кәсіби панкратионнан Азия лигасының баспасөз қызметінен. Бұл — халықаралық деңгейдегі 111 турнир. Онда Аssenov Fight нұсқасы бойынша әлем чемпионының тоғызыншы белбеуі үшін тартыс өтті. Әлем чемпионаты жеңіл салмақ 62,5 + 1 кг дәрежесіндегі спортшылар арасында өтті. Жарысқа түрлі жекпе-жек өкілдері қатысты (каратэ, бокс, ушу-саньда, дзюдо, еркін күрес және т.б). Қазақстан, Азия, Еуропа және әлемнің мықтылары бәсекелесті. Үш түн ішінде әлемнің 8 үздік файтері бас жүлдеге таласты. Астаналық Қанат Досмағамбетов жеңіске қол жеткізді.

Басты сөздер: [Астана](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/251) , [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astanaly-sportshy-k-sibi-pankrationnan-lem-chempiony-atandy-423921](https://yvision.kz/kk/post/astanaly-sportshy-k-sibi-pankrationnan-lem-chempiony-atandy-423921)