---
title: "Астанада журналистер арасында шағын футболдан республикалық турнир өтеді"
description: "АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстан Журналистер одағы Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен республи..."
author: "kazsportagent"
published: "2015-06-24T00:14:39+00:00"
modified: "2015-06-24T00:14:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-zhurnalister-arasynda-sha-yn-futboldan-respublikaly-turnir-tedi-515941"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-zhurnalister-arasynda-sha-yn-futboldan-respublikaly-turnir-tedi-515941/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астанада журналистер арасында шағын футболдан республикалық турнир өтеді

> АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстан Журналистер одағы Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен республи...

# [!\[Астанада журналистер арасында шағын футболдан республикалық турнир өтеді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/06/20150512013531-1-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/06/20150512013531-1.jpg)

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстан Журналистер одағы Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен республикалық Баспасөз күні қарсаңында елордалық майдангер, жазушы-журналист Әскен Нәбиевті еске алу құрметіне арналған журналистер арасында шағын футболдан бірінші республикалық жарыс басталады.

Жарыстың мақсаты — БАҚ өкілдері арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, Ұлы Отан соғысына қатысқан қарт майдангер журналистің ерлік істеріне тағзым ету.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, дүбірлі додаға 9 команда қатысады. Атап айтқанда, жасыл алаңда «Қазконтент» АҚ, «Хабар Астана», «Егемен Қазақстан», Қазақ радиосы, «ҚазАқпарат», «Қазақстан» арнасы, «Қазспорт», «Хабар Алматы», «Журналистер үйі» командалары бақ сынайды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astanada-zhurnalister-arasynda-sha-yn-futboldan-respublikaly-turnir-tedi-515941](https://yvision.kz/kk/post/astanada-zhurnalister-arasynda-sha-yn-futboldan-respublikaly-turnir-tedi-515941)