---
title: "Астанада жалпыға қолжетімді дефибрилляция жөніндегі жобаның тұсауы кесілді"
description: "Бүгін Астанада «Жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітімді төмендетуде шұғыл кардиологиян..."
author: "MTSZN_RK"
published: "2015-03-28T00:09:06+00:00"
modified: "2015-03-28T00:09:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-zhalpy-a-olzhetimdi-defibrillyaciya-zh-nindegi-zhobany-t-sauy-kesildi-486211"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-zhalpy-a-olzhetimdi-defibrillyaciya-zh-nindegi-zhobany-t-sauy-kesildi-486211/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астанада жалпыға қолжетімді дефибрилляция жөніндегі жобаның тұсауы кесілді

> Бүгін Астанада «Жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітімді төмендетуде шұғыл кардиологиян...

Бүгін Астанада «Жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітімді төмендетуде шұғыл кардиологияның рөлі» тақырыбына II-ші Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті, конференция шеңберінде «Ақ Жүрек» қоғамдық қорының өкілдері жалпыға қолжетімді дефибрилляция жөніндегі жобаның тұсауын кесті.

Іс-шараға ҚР ДСӘДМ-ің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жедел кардиология, кардиохирругия және кардиореаниматология саласындағы жетекші шетелдік мамандар, қан айналысы жүйесінің сырқаттанушылығы жөніндегі өңірлік үйлестірушілері, облыстық бас кардиологтар, интервенциялық кардиологтар, кардиохирургтар, кардиореаниматологтар, санитарлық авиация үйлестірушілері, сондай-ақ, жедел және шұғыл медициналық жәрдем қызметінде жұмыс істейтін мамандар қатысты.

Жалпыға қолжетімді дефибрилляция жөніндегі жоба, адамдар көп шоғырланған орындарда (әуежайлар, вокзалдар, сауда ойын-сауық орталықтары, бизнес орталықтар, әкімшілік ғимараттар, спорттық нысандар, оқу орындары) автоматты сыртқы дефибрилляторларды орнатуды, сондай-ақ медициналық білімі жоқ тұлғаларға жүрек-өкпе реанимациясы мен автоматты дефибрилляция дағдыларына үйретуді көздейді.

«Ақ Жүрек» қоғамдық қорының өкілдері адамдар көп шоғырланған орындарда автоматты дефибрилляторларды осы жылы-ақ, әлеуметтік-бағдарланған бизнес-құрылымдардың қаражаты есебінен орнатуды бастауды ұсынып отыр.

Конференцияның жұмысы барысында сондай-ақ, барлық өңірлерде өткізілген қан айналысы жүйесінің сырқаттанушылығынан болатын өлім-жітімді төмендету бойынша іс-шаралар нәтижелері талқыланды.

Жүрек-қан тамырлары ауруларының өлім-жітім себебінің құрылымында көшбасшы орында тұрғандығын атап өту керек. Ерте диагностика және адекватты емдеу кезіндегі инновациялық тәсілдердің қажеттілігі үнемі өсуде. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында көзделген, кардиологиядағы шұғыл жағдайлар кезіндегі медициналық жәрдемді жетілдіру бойынша іс-шараларды реттілікпен іске асыру, қан айналысы жүйесінің ауруларынан болатын өлім-жітімді төмендетуге, мүгедектікті төмендетуге, ҚР халқының өмірінің сапасын және ұзақтығын көтеруге мүмкіндік береді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astanada-zhalpy-a-olzhetimdi-defibrillyaciya-zh-nindegi-zhobany-t-sauy-kesildi-486211](https://yvision.kz/kk/post/astanada-zhalpy-a-olzhetimdi-defibrillyaciya-zh-nindegi-zhobany-t-sauy-kesildi-486211)