---
title: "Астанада жаңа жылға орай мерекелік отшашу үш жерде өтеді"
description: "Биыл 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні елордада мерекелік отшашу үш жерде өтеді, деп хабарлад..."
author: "kazinform_kz"
published: "2014-12-30T01:01:19+00:00"
modified: "2014-12-30T01:01:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-zha-a-zhyl-a-oray-merekelik-otshashu-sh-zherde-tedi-453157"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-zha-a-zhyl-a-oray-merekelik-otshashu-sh-zherde-tedi-453157/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астанада жаңа жылға орай мерекелік отшашу үш жерде өтеді

> Биыл 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні елордада мерекелік отшашу үш жерде өтеді, деп хабарлад...

![Астанада жаңа жылға орай мерекелік отшашу үш жерде өтеді](https://storage.yvision.kz/images/user/kazinform/Bz87cdHli8ww3Uy4VFzXE54JjgfDxu.jpg)

Биыл 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні елордада мерекелік отшашу үш жерде өтеді, деп хабарлады astana.gov.kz.

Дәстүр бойынша Жаңа жылға орайластырылған салют Есіл өзенінің жағасында, «Хан шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының жанында, сонымен қатар Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында болады. Астана қаласының әкімі бір уақытта үш ауданда отшашу ұйымдастыруды тапсырды.

Еске салайық, 31 желтоқсанда сағат 21:00-де қалалық әкімдік алдындағы алаңда Жаңа жылды қарсы алуға арналған мерекелік шара өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен жарқын ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылады. Белгілі әртістердің өнері көпшілікті тәнті етіп, мерекелік көңіл-күй сыйламақ.

Қосымша ақпаратты [http://www.inform.kz](http://www.inform.kz/) сайтынан көріңіздер!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astanada-zha-a-zhyl-a-oray-merekelik-otshashu-sh-zherde-tedi-453157](https://yvision.kz/kk/post/astanada-zha-a-zhyl-a-oray-merekelik-otshashu-sh-zherde-tedi-453157)