---
title: "Астанада заңсыз тұрып жатқан 1 мыңға жуық шетелдік ұсталды"
description: "Елордада «Нелегал» жедел алдын алу іс-шарасы аясында 969 шетелдік анықталып, әкімшілік жауапкершілік..."
author: "mvdgovkz"
published: "2013-10-01T05:20:33+00:00"
modified: "2013-10-01T05:20:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-za-syz-t-ryp-zhat-an-1-my-a-zhuy-sheteldik-staldy-376855"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-za-syz-t-ryp-zhat-an-1-my-a-zhuy-sheteldik-staldy-376855/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астанада заңсыз тұрып жатқан 1 мыңға жуық шетелдік ұсталды

> Елордада «Нелегал» жедел алдын алу іс-шарасы аясында 969 шетелдік анықталып, әкімшілік жауапкершілік...

Елордада «Нелегал» жедел алдын алу іс-шарасы аясында 969 шетелдік анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, 18 адам сот шешімімен, соның ішінде 4 шетелдік азаматтық сот ісінің тәртібі бойынша елден аластатылды. Әкімшілік заңнаманы бұзғаны үшін 79 Қазақстан азаматы жауапкершілікке тартылды. Операция барысында тұлғасын анықтау үшін ІІД қабылдағыш-таратқышына 159 шетелдік жеткізілді, елімізде жүруге негіз болмағандықтан 478 шетелдіктің уақытша келу мерзімі қысқартылды. Сонымен қатар, көші-қон заңнамасын қасақана бұзғаны үшін шетел азаматтарына қатысты 4 қылмыстық іс қозғалды.

[http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_smi/E7B0A668F7DD4853E044002655122E6A](http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_smi/E7B0A668F7DD4853E044002655122E6A)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astanada-za-syz-t-ryp-zhat-an-1-my-a-zhuy-sheteldik-staldy-376855](https://yvision.kz/kk/post/astanada-za-syz-t-ryp-zhat-an-1-my-a-zhuy-sheteldik-staldy-376855)