---
title: "Астанадағы селфи жасауға таптырмайтын нысан"
description: "Астана күні мерекесіне аз уақыт қалды. Осыған байланысты әлеуметтік желілерде #ILoveAstana хэштегіме..."
author: "elimai"
published: "2015-06-09T05:41:14+00:00"
modified: "2015-06-09T05:41:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-y-selfi-zhasau-a-taptyrmaytyn-nysan-507729"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-y-selfi-zhasau-a-taptyrmaytyn-nysan-507729/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астанадағы селфи жасауға таптырмайтын нысан

> Астана күні мерекесіне аз уақыт қалды. Осыған байланысты әлеуметтік желілерде #ILoveAstana хэштегіме...

### **Астана күні мерекесіне аз уақыт қалды. Осыған байланысты әлеуметтік желілерде #ILoveAstana хэштегімен сурет салып жатқандарың қатары өртеңге шыққан шөптей қаптай бастады. Оның себебі неде?**

![Астанадағы селфи жасауға таптырмайтын нысан](http://el.kz/media/images/tiny_images/72a52a3bf18666d60cec47fb85e93303.jpg)

**Бұл хэштег бойынша сурет жариялаушылар интернет желісінің қазақстандық сегментінде көрініс тапты. Өйткені, Астана қаласында, Хан Шатыр ойын сауық орталығына қарсы бетте "I love Astana" деген архитектуралық нысан пайда болды.**

![Астанадағы селфи жасауға таптырмайтын нысан](http://el.kz/media/images/tiny_images/243244523d5d842b41dcfcde6f1b3a77.jpg)

**Бұл нысан 5 маусым қойылды. Содан бері астаналықтар үшін селфи жасауға ыңғайлы орынға айналды.**

![Астанадағы селфи жасауға таптырмайтын нысан](http://el.kz/media/images/tiny_images/2338d345a224d63f2bffd9a563df31a8.jpg)

**Бұл Астана қалалық әкімшілігінің бастамасымен жасалған нысан. Әзірге жастардың көңілінен шығып отыр. Күндіз-түні кезекке тұрып селфи жасап жатқандардың, жоғарыда келтірген хэштег бойынша әлеуметтік желілерге салып жатқандардың саны өте көп.**

![Астанадағы селфи жасауға таптырмайтын нысан](http://el.kz/media/images/tiny_images/67aecd308d0a897548ef8fcc7cb96407.png)

**"I love Astana" нысанының биіктігі 2,5 метр, ұзындығы 14 метр болады. Егер бұл нысан көпшіліктің көңілінен шығып жатса, болашақта қала беруі де әбден мүмкін.**

![Астанадағы селфи жасауға таптырмайтын нысан](http://el.kz/media/images/tiny_images/d047ceccf0c62cf8a928644a7a5c1fe1.png)

**Көпшіліктің айтуынша аталмыш нысан кеш батқанда неон түске айналады екен. Бұл фотоның өте әсерлі әрі тартымды шығуына мүмкіндік береді.**

**Әзірлеген: Досжан Мейірім.**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astanada-y-selfi-zhasau-a-taptyrmaytyn-nysan-507729](https://yvision.kz/kk/post/astanada-y-selfi-zhasau-a-taptyrmaytyn-nysan-507729)