---
title: "Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының аты ауыса ма?"
description: "Бұл сұраққа Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетіндегілер жауап берді. Фото: Zakon.kz-..."
author: "jan.123"
published: "2024-01-24T03:32:21+00:00"
modified: "2024-01-24T03:32:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-y-n-rs-ltan-nazarbaev-uezhayyny-aty-auysa-ma-1000208"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-y-n-rs-ltan-nazarbaev-uezhayyny-aty-auysa-ma-1000208/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының аты ауыса ма?

> Бұл сұраққа Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетіндегілер жауап берді. Фото: Zakon.kz-...

Бұл сұраққа Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетіндегілер жауап берді.

![Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының аты ауыса ма?](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/2a4385371c514a08d9462fa4aa4ebb.jpg)

Фото: Zakon.kz-

Tengrinews.kz-тің ресми сауалына жауап қайтарған ААК өкілдері қазіргі уақытта Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының атын өзгерту жоспарда жоқ екенін мәлімдеді.

«Қазір Астанағы әуежайдың атын, сондай-ақ үшәріптік кодын (NQZ – ред.) өзгерту комитеттің күн тәртібінде тұрған жоқ», – делінген хабарламада.

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының үшәріптік коды ескі TSE-ден жаңа NQZ-ға 2020 жылдың сәуірінде өзгерген.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қорғаныс университетінен экс-президенттің есімімен қоса оның алдындағы ескерткіші де алып тасталған еді.

Сондай-ақ осы айда Алматыдағы «Алмалы» метро станциясынан Назарбаевтың фотопортреті алынып тасталғаны белгілі болды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astanada-y-n-rs-ltan-nazarbaev-uezhayyny-aty-auysa-ma-1000208](https://yvision.kz/kk/post/astanada-y-n-rs-ltan-nazarbaev-uezhayyny-aty-auysa-ma-1000208)