---
title: "Астанадағы білім ордаларында Мемлекеттік рәміздерге арналған сабақтар өткізілуде"
description: "Бүгін елордадағы барлық білім беру ұйымдарында «Еңселі Әнұран, айбынды Елтаңбам, тұғырлы Туым» біры..."
author: "kazinform_kz"
published: "2015-03-04T22:52:19+00:00"
modified: "2015-03-04T22:52:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-y-bilim-ordalarynda-memlekettik-r-mizderge-arnal-an-saba-tar-tkizilude-478532"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-y-bilim-ordalarynda-memlekettik-r-mizderge-arnal-an-saba-tar-tkizilude-478532/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астанадағы білім ордаларында Мемлекеттік рәміздерге арналған сабақтар өткізілуде

> Бүгін елордадағы барлық білім беру ұйымдарында «Еңселі Әнұран, айбынды Елтаңбам, тұғырлы Туым» біры...

![Астанадағы білім ордаларында Мемлекеттік рәміздерге арналған сабақтар өткізілуде](https://storage.yvision.kz/images/user/kazinform/6Nx961RHg1rO0n9kefT0ADi501l0k6.jpg)

Бүгін елордадағы барлық білім беру ұйымдарында «Еңселі Әнұран, айбынды Елтаңбам, тұғырлы Туым» бірыңғай сабақтары өткізілуде.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы аясында өткізіліп отырған іс-шара адам өмірінің барлық тұстарын қамтитын ақпараттық-мәдени және білім беру, заңнамалық сипатқа ие.

Бірыңғай сынып сағаты Елбасының «Мемлекеттік рәміздері туралы» Жарлығын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылуда. Оның басты мақсаты - жас ұрпақты отаншылдықа, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеп, қоғамның рухани бірлігін күшейту болып табылады.

**ҚазАқпарат**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astanada-y-bilim-ordalarynda-memlekettik-r-mizderge-arnal-an-saba-tar-tkizilude-478532](https://yvision.kz/kk/post/astanada-y-bilim-ordalarynda-memlekettik-r-mizderge-arnal-an-saba-tar-tkizilude-478532)