---
title: "Астанада велоспорттан ел чемпионаты өтіп жатыр"
description: "Елордада велоспорттан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм,..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-09-11T23:02:41+00:00"
modified: "2013-09-11T23:02:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-velosporttan-el-chempionaty-tip-zhatyr-373540"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-velosporttan-el-chempionaty-tip-zhatyr-373540/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астанада велоспорттан ел чемпионаты өтіп жатыр

> Елордада велоспорттан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм,...

[!\[велоспорттан Қазақстан чемпионаты\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/09/20130911134644-300x225.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/09/20130911134644.jpg)

Елордада велоспорттан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.

Биыл чемпионатқа Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларынан келген командалар қатысуда. Дүбірлі додаға 100-ден астам спортшы жиналды. Соның ішінде 23 адам елорданың намысын қорғайды. Чемпионат «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтуде. Жарыс күн сайын сағат 15.00-де, ал 14 қыркүйекте бағдарлама сағат 10.00-да басталады. Марапаттау рәсімі және жарыстың жабылуы сағат 13.00-де өтеді.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: [Марлан Жиембай](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/41)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astanada-velosporttan-el-chempionaty-tip-zhatyr-373540](https://yvision.kz/kk/post/astanada-velosporttan-el-chempionaty-tip-zhatyr-373540)