---
title: "Астанада теннис күні аталып өтті"
description: "АСТАНА. ҚазАқпарат — Жыл сайын 3 наурызда ITF Халықаралық теннис федерациясының бастамасымен Дүни..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-03-05T00:34:20+00:00"
modified: "2014-03-05T00:34:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-tennis-k-ni-atalyp-tti-403790"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-tennis-k-ni-atalyp-tti-403790/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астанада теннис күні аталып өтті

> АСТАНА. ҚазАқпарат — Жыл сайын 3 наурызда ITF Халықаралық теннис федерациясының бастамасымен Дүни...

[!\[Астанада теннис күні аталып өтті\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/03/20140305003842-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/03/20140305003842.jpg)

АСТАНА. ҚазАқпарат — Жыл сайын 3 наурызда ITF Халықаралық теннис федерациясының бастамасымен Дүниежүзілік теннис күні атап өтіледі.

Аталған спорт түрінің елордалық әуесқойлары — 6-8 жастағы балалар да бұл мерекеден тыс қалған жоқ. «Дәулет» СК балаларға арналған іс-шара барысында кортта көңілді старт түріндегі 10 түрлі жарыс ұйымдастырылды. 150 астам жас теннисші өзара күш сынасты, ал ата-аналары жанкүйерлер ретінде оларға қолдау көрсетті, деп хабарлайды қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан. Іс-шараға қатысқандар мен жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталды. Қазақстандық Теннис федерациясының атынан Диас Досқараев балаларды құттықтап, сөз сөйледі, ал «Дәулет» спорт кешенінің директоры Қуандық Елжанов іс-шараның бастамашысы ретінде балаларға жаттығу кезінде де осындай жігерлілік көрсетулерін тіледі. Айта кетейік, «Дәулет» спорт кешенінде 724 бала тенниспен айналысады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланған.

Басты сөздер: [Астана](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/251) , [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astanada-tennis-k-ni-atalyp-tti-403790](https://yvision.kz/kk/post/astanada-tennis-k-ni-atalyp-tti-403790)