---
title: "Астанада әскери-спорттық слет өтті"
description: "Астанада әскерге шақырылуға дейінгі жастар арасындағы әскери-спорттық клубтардың слеті өтті. Бұл жол..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-10-26T02:03:38+00:00"
modified: "2013-10-26T02:03:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-skeri-sportty-slet-tti-381715"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-skeri-sportty-slet-tti-381715/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астанада әскери-спорттық слет өтті

> Астанада әскерге шақырылуға дейінгі жастар арасындағы әскери-спорттық клубтардың слеті өтті. Бұл жол...

**

![Астанада әскери-спорттық слет өтті](http://www.mod.gov.kz/mod-kz/images/stories/26102013/dscn0197-2.jpg)

Астанада әскерге шақырылуға дейінгі жастар арасындағы әскери-спорттық клубтардың слеті өтті. Бұл жолы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті қаладағы 25 мектеп пен колледжде білім алушыларды жинады.**

Ағымдағы жылдың алғашқы әскери-спорттық эстафетасында оған қатысушылар автоматты шашып, жинаудан, пневматикалық мылтықтан атыс дайындығынан және денешынықтыру бойынша 1 шақырымға жүгіріп, білтемірге тартылудан сынақ тапсырды.

ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің 5 жылдығына орай өткізілген жауынгерлік жарыстың қорытындысы бойынша № 71 мектеп-лицейдің командасы бірінші орын алды. Ал, № 4 мектеп-гимназияның оқушылары жүлделі екінші орынды иеленсе, Гуманитарлық колледж студенттері үшінші орыннан көрінді.

Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мектеп оқушылары арасындағы осындай іс-шараны тоқсан сайын өткізуді жоспарлап отыр. Бұндай шаралар жастар арасында патриоттық тәрбиенің деңгейін арттырып, спорттық шеберлікті жетілдіруге, салауатты өмір салтын насихаттауға және Отан қорғаушы мамандығын белсендіруге оң ықпал етеді.

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astanada-skeri-sportty-slet-tti-381715](https://yvision.kz/kk/post/astanada-skeri-sportty-slet-tti-381715)