---
title: "Астанада өрттен 4 адам құтқарылды"
description: "Елордалық өрт сөндірушілер төрт адамды құтқарды. 7 наурыз күні сағат 11:12-де елордалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Конституция көшесі, 22 мекен-жайына алты қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде шыққан өртті сөндіруге шықты. Өртті..."
author: "orazali"
published: "2024-03-07T09:33:02+00:00"
modified: "2024-03-07T09:33:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-rtten-4-adam-t-aryldy-1002013"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-rtten-4-adam-t-aryldy-1002013/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астанада өрттен 4 адам құтқарылды

> Елордалық өрт сөндірушілер төрт адамды құтқарды. 7 наурыз күні сағат 11:12-де елордалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Конституция көшесі, 22 мекен-жайына алты қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде шыққан өртті сөндіруге шықты. Өртті...

*Елордалық өрт сөндірушілер төрт адамды құтқарды.* 7 наурыз күні сағат 11:12-де елордалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Конституция көшесі, 22 мекен-жайына алты қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде шыққан өртті сөндіруге шықты. Өртті сөндіру барысында елордалық өрт сөндірушілердің күшімен 4 адам, оның ішінде екі бала құтқарылды. Өрт 11:26-да оқшауланып, 12.07-де сөндірілді. Астана ТЖД жеке құрамының 27 адамы және 7 техникасы жұмылдырылды. [t.me/qr_tjm](https://t.me/qr_tjm)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astanada-rtten-4-adam-t-aryldy-1002013](https://yvision.kz/kk/post/astanada-rtten-4-adam-t-aryldy-1002013)