---
title: "Астанада онлайн бейнебақылаудың көмегімен 130-дан астам ереже бұзғандар анықталды."
description: "Алты айдың ішінде «Тіршілік әрекетін кешенді қамтамасыз ету жүйесімен» (ТКҚЖ) 138 ереже бұзушылық т..."
author: "mvdgovkz"
published: "2014-07-22T22:37:50+00:00"
modified: "2014-07-22T22:37:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-onlayn-beyneba-ylaudy-k-megimen-130-dan-astam-erezhe-b-z-andar-any-taldy-422367"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-onlayn-beyneba-ylaudy-k-megimen-130-dan-astam-erezhe-b-z-andar-any-taldy-422367/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астанада онлайн бейнебақылаудың көмегімен 130-дан астам ереже бұзғандар анықталды.

> Алты айдың ішінде «Тіршілік әрекетін кешенді қамтамасыз ету жүйесімен» (ТКҚЖ) 138 ереже бұзушылық т...

![Астанада онлайн бейнебақылаудың көмегімен 130-дан астам ереже бұзғандар анықталды.](https://storage.yvision.kz/images/user/mvdgovkz/2JZA7rlPidx7HUSyRT4C2DTevkWetX.jpg)

Алты айдың ішінде «Тіршілік әрекетін кешенді қамтамасыз ету жүйесімен» (ТКҚЖ) 138 ереже бұзушылық тіркелді. Соның ішінде 71 әкімшілік құқық бұзушылық және 28 жол-көлік оқиғасы бар. Айта кетейік, аталған жоба елордада қауіпсіздік деңгейі мен коммуналдық қызметтердің тиімді жұмысын арттыру мақсатында жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, ТКҚЖ Астанаға әлемнің дамыған «smart» қалаларының қатарына қосылуға мүмкіндік береді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astanada-onlayn-beyneba-ylaudy-k-megimen-130-dan-astam-erezhe-b-z-andar-any-taldy-422367](https://yvision.kz/kk/post/astanada-onlayn-beyneba-ylaudy-k-megimen-130-dan-astam-erezhe-b-z-andar-any-taldy-422367)