---
title: "Астанада мектеп оқушылары үшін далалық оқу-жаттығу жиыны болды"
description: "Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті қаланың жалпы білім беру мектептерінің оқушы..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-05-20T06:53:37+00:00"
modified: "2013-05-20T06:55:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-mektep-o-ushylary-shin-dalaly-o-u-zhatty-u-zhiyny-boldy-353414"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-mektep-o-ushylary-shin-dalaly-o-u-zhatty-u-zhiyny-boldy-353414/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астанада мектеп оқушылары үшін далалық оқу-жаттығу жиыны болды

> Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті қаланың жалпы білім беру мектептерінің оқушы...

**

![Астанада мектеп оқушылары үшін далалық оқу-жаттығу жиыны болды](http://www.mod.gov.kz/mod-kz/images/stories/200513/5.jpg)

Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті қаланың жалпы білім беру мектептерінің оқушыларымен далалық оқу-жаттығу жиынын өткізді.**

Алғашқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы-оқытушылары 11-сынып оқушыларымен 9 әскери рота базасында айналысып, әскери істің негіздері бойынша іс жүзінде машықтануға көмек көрсетті.

68665 әскери бөлімінде оқушылар қару-жарақ пен жауынгерлік техника үлгілерімен танысып, десантшылардың қызмет ерекшелігімен, тұрмыс-тіршілігімен танысты.

«Отан қорғаушылар» монументінің жанындағы жиынның жабылу салтанатында жоғарғы сынып оқушыларының алдында Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары – қоғаммен байланыс және психологиялық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы полковник Бахтияр Пернебеков сөз сөйледі.

Құрмет қарауылы ротасы плац-концертпен тәнті етіп, ал оқушылар қоян-қолтық ұрыс өнерін көрсетті.

Ең үздік рота, взвод және бөлімше командирлері Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің грамоталарамен марапатталды.

 

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі **

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astanada-mektep-o-ushylary-shin-dalaly-o-u-zhatty-u-zhiyny-boldy-353414](https://yvision.kz/kk/post/astanada-mektep-o-ushylary-shin-dalaly-o-u-zhatty-u-zhiyny-boldy-353414)