---
title: "Астанада Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа..."
description: "Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми онкология орталығындағы жаңа корпустың құрылыс барысымен танысты. Бұл нысан биыл тамыз айында пайдалануға берілмек. Ғимараттың жалпы ауданы 58 мың шаршы метрден асады. Мұндағы стационар 210 төсек-орынға..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-06-05T11:39:46+00:00"
modified: "2024-06-05T11:39:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-ltty-ylymi-onkologiya-ortaly-yny-zha-a-korpusy-ashylady-1005337"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-ltty-ylymi-onkologiya-ortaly-yny-zha-a-korpusy-ashylady-1005337/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астанада Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа...

> Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми онкология орталығындағы жаңа корпустың құрылыс барысымен танысты. Бұл нысан биыл тамыз айында пайдалануға берілмек. Ғимараттың жалпы ауданы 58 мың шаршы метрден асады. Мұндағы стационар 210 төсек-орынға...

*Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми онкология орталығындағы жаңа корпустың құрылыс барысымен танысты. Бұл нысан биыл тамыз айында пайдалануға берілмек.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/6170808960731a2b512285840278f8.jpg) Ғимараттың жалпы ауданы 58 мың шаршы метрден асады. Мұндағы стационар 210 төсек-орынға есептелген. Оның ішінде 24 орын анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімдеріне, 150 орын күндізгі стационарға арналған. Жоспарға сәйкес бұл ауруханада жыл сайын 6 мың науқас емделе алады.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/cbcceae8d1706cec4506d449a5dce8.jpg) Мемлекет басшысына жаңа корпуста қатерлі ісіктерді диагностика жасауға және емдеуге қатысты әлемдік бірегей технологиялар шоғырланатыны жөнінде мәлімет берілді. Мұнда ғылыми зерттеулер жүргізіп, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен білім беру тәжірибелерін жүзеге асыруға жағдай жасалады. «Әлемде мұндай орталықтар өте аз. Бұл біздің аймақтағы медициналық тәжірибе мен ғылымды ұштастыратын озық мекеме болмақ», – деді Президент.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/6cf4a9308a7e1edd26a47be22ff58b.jpg)

[t.me/aqorda_resmi](https://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astanada-ltty-ylymi-onkologiya-ortaly-yny-zha-a-korpusy-ashylady-1005337](https://yvision.kz/kk/post/astanada-ltty-ylymi-onkologiya-ortaly-yny-zha-a-korpusy-ashylady-1005337)