---
title: "Астанада Конституция күніне арналған спорттық шаралар өтеді"
description: "Конституция күнін мерекелеу аясында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін 50-ден астам түрлі шара ..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-08-27T00:41:59+00:00"
modified: "2014-08-27T00:41:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-konstituciya-k-nine-arnal-an-sportty-sharalar-tedi-427038"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-konstituciya-k-nine-arnal-an-sportty-sharalar-tedi-427038/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астанада Конституция күніне арналған спорттық шаралар өтеді

> Конституция күнін мерекелеу аясында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін 50-ден астам түрлі шара ...

[!\[Астанада Конституция күніне арналған спорттық шаралар өтеді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/08/20140826222916-300x183.png)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/08/20140826222916.png)

Конституция күнін мерекелеу аясында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін 50-ден астам түрлі шара ұйымдастырылады, соның ішінде, спорттық жарыстар, флеш-мобтар мен акциялар, байқаулар, көрмелер, концерттер бар, деп хабарлады astana.kz

Нақтырақ айтқанда, 27 тамыз күні белсенді жастар Орталық паркте флеш-моб ұйымдастырады. Ал кешке «Алау» мұз сарайында балалар арасында жарыс болады. 27-29 тамызда «Автомобилист» футбол алаңында 10-11 жастағы ұлдардың командалары өзара шеберлік байқасады. 27-31 тамызда «Дәулет» спорт кешенінде ересектер арасында таэквондодан «Халықаралық Гран-при сериясы» турнирі өтеді. Есіл ауданының тұрғындары 27-29 тамызда күн сайын сағат 17.00 «Көңілді старт» шарасына қатысады.

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290) , [Астана](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/251) , [Қоғам](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/402)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astanada-konstituciya-k-nine-arnal-an-sportty-sharalar-tedi-427038](https://yvision.kz/kk/post/astanada-konstituciya-k-nine-arnal-an-sportty-sharalar-tedi-427038)