---
title: "Бір күнде елде заңсыз жүрген 119 адам ұсталды"
description: "Заңсыз жүрген 119 адам ұсталды"
author: "orazali"
published: "2024-03-06T04:09:08+00:00"
modified: "2024-03-06T04:09:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-bir-k-nde-elde-za-syz-zh-rgen-119-adam-staldy-1001937"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-bir-k-nde-elde-za-syz-zh-rgen-119-adam-staldy-1001937/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бір күнде елде заңсыз жүрген 119 адам ұсталды

> Заңсыз жүрген 119 адам ұсталды

Астанада көші-қон қызметінің қызметкерлері жергілікті рейдтік іс-шаралар жүргізді.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/38effbd9de04b00a14c687d9a69b02.jpg)

Пәтерлер, хостелдер, жатақханалар, құрылыс нысандары, өндірістік аймақтар мен базарлар тексерілді. Бір күн ішінде елордада елімізде болу тәртібін бұзған **119 шетелдік** ұсталды. 🔸️ Шетелдіктердің интимдік қызмет көрсетуі бойынша **5 факті** анықталды. ▪️Қоқыс өңдеу зауытының аумағында заңсыз жұмыс істеп жүрген **Өзбекстанның 37 азаматы** табылды. ІІМ көші-қон қызметі комитеті көші-қон заңнамасын сақтауға шақырады. Сондай-ақ уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз жұмыс берушінің шетелдікті бірнеше рет жұмысқа қабылдағаны және жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін пайдалану қағидаларын бірнеше рет бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astanada-bir-k-nde-elde-za-syz-zh-rgen-119-adam-staldy-1001937](https://yvision.kz/kk/post/astanada-bir-k-nde-elde-za-syz-zh-rgen-119-adam-staldy-1001937)