---
title: "Астанада Қазақстан мен Ресей Президенттерінің кездесуі өтуде"
description: "Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинмен кез..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2016-10-04T10:56:41+00:00"
modified: "2016-10-04T10:56:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-aza-stan-men-resey-prezidentterini-kezdesui-tude-715990"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-aza-stan-men-resey-prezidentterini-kezdesui-tude-715990/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астанада Қазақстан мен Ресей Президенттерінің кездесуі өтуде

> Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинмен кез...

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинмен кездесті. Бүгін Мемлекет Басшылары ҚР мен РФ-ның ХІІІ өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады.

![Астанада Қазақстан мен Ресей Президенттерінің кездесуі өтуде](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/Ebe0xCFOC5TCmi8aAfxIS1mHbl4LjO.jpg)

Бүгін таңертең Владимир Путин жұмыс сапарымен Астанаға келді. Ресейлік делегацияның құрамында министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, сондай-ақ өңірлік әріптестер, соның ішінде Ресей субъектілерінің губернаторлары жұмыс істейді.

«Сіздерді парламенттік сайлаудың, өңірлік сайлаудың сәтті өтуімен құттықтаймын. Бұл Сіз үшін және Ресей үшін үлкен жеңіс. Ол президенттің жоғары беделін көрсетеді. Осы жылы біз сегізінші рет кездесіп отырмыз және осы кездесу өте маңызды. Біз Сочиде келіскендей, біздің үкімет те жақсы жұмыс істеді», — деп қарсы алды РФ басшысын Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесу барысында мемлекет басшылары екі жақты қарым-қатынастар, туризм саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Одан басқа, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев және Владимир Путин екі елдің ең ірі кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес-форум алаңында сөз сөйлейді, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің ХІІІ өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады, онда екі елдің жалпы құны 25 млрд. долларды құрайтын көлік-логистикалық кешенінің жобаларын дамыту, сондай-ақ Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда кедергілерін қысқарту туралы айтылады.

«Құрметті форумға қатысушылар, біз РФ-мен барлық салада ынтымақтасқандықтан, аталмыш форумды өткізу қажеттігі туралы ойламадық, алайда сұраныс көп болған соң өткізу керектігін түсіндік, белсенді қатысып жатқан РФ басшысына алғыс айтамыз. Ресей Қазақстан үшін стратегиялық серіктес, саясат пен сауда-экономикалық қарым-қатынастағы одақтас ел. Біз кеңейтілген салалар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырып жатырмыз, оған кәсіпкерлер мен аталмыш форум да серпін беріп отыр», - деді Қазақстан Президенті.

Н.Назарбаев өзара сауданың көлемі дағдарысқа дейін 20 млрд долларды құраған болатын, қазір ол 30 пайызға төмендеді.

«Бірінші жарты жылдық бойынша сауда айналымы 6 млрд долларды құрады. Бұл жағдайларда тауар айналымын арттыру үшін жаңа серпін бергеніміз жөн. Құн бойынша тауарлар арзандады, тауарлардың физикалық көлемі азайды», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Президент бүгінде көптеген ресейлік кәсіпкерлер Қазақстанда бизнес ашып жатқандығын атап өтті.

«Қазір 6 мың бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп жатыр, екіжақты инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр», - деді ҚР Президенті.

Ақпарат көзі: [strategy2050.kz](https://strategy2050.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astanada-aza-stan-men-resey-prezidentterini-kezdesui-tude-715990](https://yvision.kz/kk/post/astanada-aza-stan-men-resey-prezidentterini-kezdesui-tude-715990)