---
title: "Астанада «Қазақстан-Корея достық бақшасы» ашылады"
description: "Published 21.09.2015 24.kz Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді. Табиғи ресур..."
author: "Green-bridge1"
published: "2015-09-24T22:03:03+00:00"
modified: "2015-09-24T22:03:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-aza-stan-koreya-dosty-ba-shasy-ashylady-548264"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-aza-stan-koreya-dosty-ba-shasy-ashylady-548264/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астанада «Қазақстан-Корея достық бақшасы» ашылады

> Published 21.09.2015 24.kz Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді. Табиғи ресур...

Published 21.09.2015

[24.kz](http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/80340-hylady) Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді. Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, Астана қалалық әкімдігінің халықаралық серіктестік бөлімі өкілдері мен Корей Республикасының орман шаруашылығы қызметі өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан-Корея достық бақшасын» ашу туралы келіссөздер жүргізілді. Аталған жобаны Корей Республикасының 1 млн доллар көлеміндегі инвестициялық қаржысы есебінен жүзеге асыру жоспарлануда. Достық бақшасын құру мақсаты серіктестікті нығайту және халықаралық ЕХРО-2017 көрмесін өткізу кезінде қала тұрғындары мен қонақтарының демалыс орындарын дамыту болып табылады. Кеңес қорытындысы бойынша, Астана қаласының әкімдігі мен Корей Республикасының орман шаруашылығы қызметі арасында «Қазақстан-Корея достық бақшасы» жасыл аумағын құрудағы серіктестік бойынша өзара келісім туралы Меморандумға қол қойылды.

 

http://gbpp.org/kz/2015/09/7356

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astanada-aza-stan-koreya-dosty-ba-shasy-ashylady-548264](https://yvision.kz/kk/post/astanada-aza-stan-koreya-dosty-ba-shasy-ashylady-548264)