---
title: "Астанада қайталама нарықтағы баспана алты жылда алғаш рет арзандады"
description: "Елордада қайталама нарықтағы үй бағасы 2023 жылдың қаңтары мен желтоқсаны алалығындағы жылдық..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-01-10T06:27:27+00:00"
modified: "2024-01-10T06:32:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-aytalama-nary-ta-y-baspana-alty-zhylda-al-ash-ret-arzandady-999730"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-aytalama-nary-ta-y-baspana-alty-zhylda-al-ash-ret-arzandady-999730/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астанада қайталама нарықтағы баспана алты жылда алғаш рет арзандады

> Елордада қайталама нарықтағы үй бағасы 2023 жылдың қаңтары мен желтоқсаны алалығындағы жылдық...

*Елордада қайталама нарықтағы үй бағасы 2023 жылдың қаңтары мен желтоқсаны алалығындағы жылдық деңгей бойынша 5,3 пайыз төмендеген.*

![Астанада қайталама нарықтағы баспана алты жылда алғаш рет арзандады](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/11f0f77ff9245eecd3d52e5c38ba9c.jpg)

Фото: tengrinews.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, бағаның бұлай түсуі 2017 жылдан бері алғаш рет тіркеліп отыр.

Зерттелген қалалардың арасында 2023 жылдың қорытындысы бойынша қайталама нарықтағы баспаналардың арзандауы тек Астанада ғана байқалды. Нақты желтоқсанды алсақ, баға алдыңғы жылға қарағанда 7,8 пайыз түскен. Бірақ бірнеше жыл бұрынғылармен салыстырғанда көбірек өскен. Мысалы, 2020 жылға қарағанда өсім 50 пайыз болып тұр.

Ал енді жалпы елдегі жағдайға келсек, бастапқы нарықтағы үйлер 12 ай қорытындысы бойынша 6,7 пайыз, желтоқсанда алдыңғы жылдың осы айымен салыстырғанда 3,4 пайыз қымбаттады.

Қайталама нарықтағы баспананы қарасақ, баға бір жылда 1,8 пайыз өскен, желтоқсанда 2022 жылдың осы айымен салыстырғанда 3,7 пайыз арзандаған. Айтқандай баға өткен жылдың соңғы айында алдыңғы жылға қарағанда Алматыда да түсті (-3,8 пайыз).

[@DataHub_FCBK](https://t.me/DataHub_FCBK)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astanada-aytalama-nary-ta-y-baspana-alty-zhylda-al-ash-ret-arzandady-999730](https://yvision.kz/kk/post/astanada-aytalama-nary-ta-y-baspana-alty-zhylda-al-ash-ret-arzandady-999730)