---
title: "Астанада алғаш рет ислам экономикалық форумы өтеді"
description: "Астанада алғаш рет 7 ислам экономикалық форумы өтеді.Бұл туралы Астанада өткен Қазақста..."
author: "serikbaeva-togjan"
published: "2011-03-30T08:27:25+00:00"
modified: "2011-03-30T08:27:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-al-ash-ret-islam-ekonomikaly-forumy-tedi-138119"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-al-ash-ret-islam-ekonomikaly-forumy-tedi-138119/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астанада алғаш рет ислам экономикалық форумы өтеді

> Астанада алғаш рет 7 ислам экономикалық форумы өтеді.Бұл туралы Астанада өткен Қазақста...

Астанада алғаш рет 7 ислам экономикалық форумы өтеді.Бұл туралы Астанада өткен Қазақстан және ТМД елдерінде исламдық қор нарығын дамыту атты 2 қазақстандық исламдық қаржыландыру конференциясында айтылды. Атап айтқанда, премьер-министрдің орынбасары ,индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешовтің сөзіне қарағанда, аталған экономикалық форумға Ислам конференциясы ұйымына мүше 57 мемлекеттен 2,5 мыңнан астам инвесторлар қатыспақ. Аталған форум биыл 7-9 маусым аралығында өтеді. Еске сала кетейік,биыл Қазақстан Ислам конференциясы ұйымына төрағалық ететін болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astanada-al-ash-ret-islam-ekonomikaly-forumy-tedi-138119](https://yvision.kz/kk/post/astanada-al-ash-ret-islam-ekonomikaly-forumy-tedi-138119)