---
title: "Астанада 32 500 шаршы метрлік мұз айдыны салынады"
description: "Астанада қыста қала тұрғындары үшін жалпы ауданы 32 500 шаршы метрлік үлкен мұз айдыны салынады. Бұ..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-12-11T02:56:00+00:00"
modified: "2013-12-11T02:56:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-32-500-sharshy-metrlik-m-z-aydyny-salynady-389074"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-32-500-sharshy-metrlik-m-z-aydyny-salynady-389074/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астанада 32 500 шаршы метрлік мұз айдыны салынады

> Астанада қыста қала тұрғындары үшін жалпы ауданы 32 500 шаршы метрлік үлкен мұз айдыны салынады. Бұ...

# [!\[мұз айдыны\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/12/82317339958aef2dc9ad14485aec8044-300x225.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/12/82317339958aef2dc9ad14485aec8044.jpg)

Астанада қыста қала тұрғындары үшін жалпы ауданы 32 500 шаршы метрлік үлкен мұз айдыны салынады. Бұл туралы[astana.kz](http://astana.gov.kz/kk/) сайты Алматы ауданы әкімі аппаратына сілтеме жасап хабарлады.«Үстіміздегі жылы Алматы ауданында Ақбұлақ өзенінде жалпы ауданы 32 500 шаршы м мұз айдынын салу көзделген. Астаналықтарға ыңғайлы болуы үшін айдында конькиді жалға алу және тамақтану орындары ашылады», — деп хабарлады әкімдіктен. Аумақ биіктігі 250 см шыны-талшықтан жасалған 13 фигурамен безендіріледі, сонымен қатар, LED экран орнатылады, ал айдынның жұмысын ұйымдастыру үшін әкімшілік жұмыс істейтін болады. Бұдан басқа, Алматы ауданында мектептердің аумағында 9 корт: №5 мектеп гимназияда 2 корт, №27 ОМ 2 корт, №28, №30, №31, №32 және №53 орта мектептерде бір-бір корттан салынады. Сонымен қатар, қала тұрғындарының демалысын ұйымдастыру үшін «Жерұйық» паркінде конькиді жалға алу орындарымен мұз айдынын салу көзделген.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astanada-32-500-sharshy-metrlik-m-z-aydyny-salynady-389074](https://yvision.kz/kk/post/astanada-32-500-sharshy-metrlik-m-z-aydyny-salynady-389074)