---
title: "Астанада 120 қоян-қолтық жекпе-жек шебері бақ сынайды"
description: "Астанадағы «Көктал» спорт кешенінде 2014 жылдың 11-13 қыркүйек аралығында қоян-қолтық жекпе-жегіне..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-09-09T03:52:27+00:00"
modified: "2014-09-09T03:52:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-120-oyan-olty-zhekpe-zhek-sheberi-ba-synaydy-428733"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanada-120-oyan-olty-zhekpe-zhek-sheberi-ba-synaydy-428733/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астанада 120 қоян-қолтық жекпе-жек шебері бақ сынайды

> Астанадағы «Көктал» спорт кешенінде 2014 жылдың 11-13 қыркүйек аралығында қоян-қолтық жекпе-жегіне...

[!\[Астанада 120 қоян-қолтық жекпе-жек шебері бақ сынайды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/09/20140908190501-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/09/20140908190501.jpg)

Астанадағы «Көктал» спорт кешенінде 2014 жылдың 11-13 қыркүйек аралығында қоян-қолтық жекпе-жегінен III республикалық турнир өтеді. Онда ҚР Ұлттық гвардия бас қолбасшысының кубогы сарапқа салынбақ.

Онда 9 салмақ дәрежесі бойынша 120 спортшы сынға түседі.

13 құрама жарысқа қатысатынын растады. Олар Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, ҚР Ұлттық гвардиясының, сонымен бірге жекпе-жек түрлері бойынша республикалық спорттық ұйымдардың намысын қорғайды.

Жарыс мақсаты — қоян-қолтық жекпе-жекті дамыту, салауатты өмір салты мен спортты насихаттау, спортшылардың және төрешілердің кәсіби шеберлігін шыңдау.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astanada-120-oyan-olty-zhekpe-zhek-sheberi-ba-synaydy-428733](https://yvision.kz/kk/post/astanada-120-oyan-olty-zhekpe-zhek-sheberi-ba-synaydy-428733)