---
title: "«Астана жастары, әскер — біртұтас» атты әскери-патриоттық көрме"
description: "Бүгін Астана қаласы, Отан қорғаушылар алаңында \"Астана жастары, әскер - біртұтас\" атты әскери-патрио..."
author: "kaztube1"
published: "2013-04-23T03:25:29+00:00"
modified: "2013-04-23T03:25:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astana-zhastary-sker-birt-tas-atty-skeri-patriotty-k-rme-349264"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astana-zhastary-sker-birt-tas-atty-skeri-patriotty-k-rme-349264/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Астана жастары, әскер — біртұтас» атты әскери-патриоттық көрме

> Бүгін Астана қаласы, Отан қорғаушылар алаңында "Астана жастары, әскер - біртұтас" атты әскери-патрио...

Бүгін Астана қаласы, Отан қорғаушылар алаңында "Астана жастары, әскер - біртұтас" атты әскери-патриоттық көрме өтті. Алаңда халық көп. Отан қорғаушылар мерекесін тойлау басталып кетті!

![«Астана жастары, әскер — біртұтас» атты әскери-патриоттық көрме](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/XxS03Az83s51abRWb3Se7FSlyeq1qd.jpg)

Әскер қатарындағы жауынгерлер дайындық үстінде.

![«Астана жастары, әскер — біртұтас» атты әскери-патриоттық көрме](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/anJp8TOhERHB62VOB74T0p0Yu2O8cl.jpg)

Әскери-патриоттық көрме және мерекелік жиныға жиналған саптағы отан қорғаушылар сақадай сай.

![«Астана жастары, әскер — біртұтас» атты әскери-патриоттық көрме](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/Rd6otUkRwjfjLCUMWr48YalY84geKE.jpg)

Бәрі жүрегіне қолын қойып, хормен әнұран айтуда. Салтанатты жиын ашық деп жарияланады.

![«Астана жастары, әскер — біртұтас» атты әскери-патриоттық көрме](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/SUokZXFH7yC4tcQxGTfnSXFVP5uM3e.jpg)

Ортаға тұғыры биік Туымызды ардақтап алып шықты.

![«Астана жастары, әскер — біртұтас» атты әскери-патриоттық көрме](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/9ownZZYnj8RdZGTsOeTLSdP5DNGi0Z.jpg)

Оқтай тізілген Отан қорғаушылар. Бірдей киім, бірдей қимыл. Темірдей тәртіп. Иә, бұлар - біздің мақтанышымыз!

![«Астана жастары, әскер — біртұтас» атты әскери-патриоттық көрме](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/myWQm180YgKvA2KClT569qwY3dxC8h.jpg)

Жауынгерлер түрлі жаттығулар көрсетті.

![«Астана жастары, әскер — біртұтас» атты әскери-патриоттық көрме](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/1aluulwNfO7I141dfEv3kKt8l2A2mB.jpg)

Отан - Ана монументі. Қолына тостаған ұстаған ана айналасына мейірім төге қарап тұрғандай. Монументтің жоғарғы жағында бидай бар. Ол - тоқшылық белгісі.

![«Астана жастары, әскер — біртұтас» атты әскери-патриоттық көрме](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/r25gpn9oP3chWkIaQ9AjYJevNXd0Ix.jpg)

Көк Тудың желбірегені

Жаныма қуат береді. (с)

![«Астана жастары, әскер — біртұтас» атты әскери-патриоттық көрме](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/YIc8q62hmow2jNYVC2e80o1aY7pruk.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astana-zhastary-sker-birt-tas-atty-skeri-patriotty-k-rme-349264](https://yvision.kz/kk/post/astana-zhastary-sker-birt-tas-atty-skeri-patriotty-k-rme-349264)