---
title: "Астана күні!"
description: "2017 жылдың 5 шілдесі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін..."
author: "finpolsko"
published: "2017-07-05T06:14:59+00:00"
modified: "2017-07-05T06:14:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astana-k-ni-772288"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astana-k-ni-772288/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астана күні!

> 2017 жылдың 5 шілдесі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін...

![Астана күні!](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/vm6phWu5W4139t74RY86l44Ft1I5eT.jpg)

2017 жылдың 5 шілдесі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде Астана күнін мерекелеуге арналған салтанатты шара өтті.

![Астана күні!](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/ZowUHHh5VUkmOMryD61k2X74dYPN3g.jpg)

Астана қаласының 19 жылдығы қарсаңындағы жиында Департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев қызметкерлерді құттықтап, еңбегімен ерекшеленген қызметшілерді марапаттады.

![Астана күні!](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/ds2S4252kdLRzixlK6gcWw9CAlYne3.jpg)

Қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің грамотасымен Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Аслан Амандықұлы Исин марапатталды.

Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Данияр Талапұлы Басығаринге Агенттік төрағасының алғысы жарияланды.

![Астана күні!](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/5og4A1f4FPUClgQWtdq26bp4L5A8Q2.jpg)

Сондай-ақ, шара барысында Департамент басшысы таяуда облыс көлемінде аталып өткен 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеуге арналған іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді атсалысқан облысымыздың Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұжымы мен Александр Винокуров атындағы Спорт сарайының ұжымына алғысын білдіріп, алғыс хаттарын тапсырды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astana-k-ni-772288](https://yvision.kz/kk/post/astana-k-ni-772288)