---
title: "Астана күні"
description: "2015 жылдың 1 шілдесінде Астана күні мерекесіне орай, Департамент қызметкерлерінің мектеп жасындағы ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-07-07T23:16:38+00:00"
modified: "2015-07-07T23:16:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astana-k-ni-519492"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astana-k-ni-519492/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астана күні

> 2015 жылдың 1 шілдесінде Астана күні мерекесіне орай, Департамент қызметкерлерінің мектеп жасындағы ...

2015 жылдың 1 шілдесінде Астана күні мерекесіне орай, Департамент қызметкерлерінің мектеп жасындағы балаларға арналған «Менің сүйікті Астанам» атты суреттер байқауы жарияланды.

Шараның мақсаты – өскелең ұрпақты идеологиялық тұрғыда тәрбиелеу және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Суреттерді бағалау үшін Департамент қызметкерлерінен комиссия құрамы жасақталып, олар суреттерді қарап шынайы бағаларын берді.

Балалар өз суреттерінде Қазақстанның елордасы – Астанаға деген махаббаттарын және отансүйгіштіктерін бейнеледі.

В своих рисунках дети показали патриотизм и всю свою любовь к столице Казахстана – Астане.

2015 жылдың 3 шілдесінде конкурстың қорытындысы шығарылды. Конкурстың жеңімпазы болып 9 жасар Әлима Мұратова танылды. Жеңімпаздар мен қатысушыларды Департамент басшысы Ә.Х.Әшірбаев құттықтап, дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

![Астана күні](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/INXf8qEEr1cgETzKfW6yQgih767PJI.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astana-k-ni-519492](https://yvision.kz/kk/post/astana-k-ni-519492)