---
title: "Астана халықаралық форумы биыл өтпейтін болды"
description: "Биыл жазда өтуі керек болған екінші форум келесі жылға қалдырылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жойқын су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін басқа шараларға жұмсалатын қаржыны барынша үнемдеу..."
author: "jan.123"
published: "2024-04-13T12:15:36+00:00"
modified: "2024-04-13T12:15:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astana-haly-araly-forumy-biyl-tpeytin-boldy-1003352"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astana-haly-araly-forumy-biyl-tpeytin-boldy-1003352/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астана халықаралық форумы биыл өтпейтін болды

> Биыл жазда өтуі керек болған екінші форум келесі жылға қалдырылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жойқын су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін басқа шараларға жұмсалатын қаржыны барынша үнемдеу...

*Биыл жазда өтуі керек болған екінші форум келесі жылға қалдырылды. *

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/f10a702b1419fdc71b2d97ffdfa969.jpg)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жойқын су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін басқа шараларға жұмсалатын қаржыны барынша үнемдеу қажет екенін ескере отырып, биылғы 13-14 маусымға жоспарланған Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады. Президент форумға шақырылған қонақтар бұл шешімге түсіністікпен қарайды деп сенетінін жеткізді. Астана халықаралық форумы өз жұмысын 2025 жылы жалғастыратын болады. [t.me/aqorda_resmi](https://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astana-haly-araly-forumy-biyl-tpeytin-boldy-1003352](https://yvision.kz/kk/post/astana-haly-araly-forumy-biyl-tpeytin-boldy-1003352)