---
title: "«Астана»-«Бенфика»: 1-таймда есеп ашылған жоқ"
description: "УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде С тобында кездескен «Астана»-«Бенфика» матчының 1-тайм..."
author: "kazsportagent"
published: "2015-09-16T03:02:10+00:00"
modified: "2015-09-16T03:02:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astana-benfika-1-taymda-esep-ashyl-an-zho-541270"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astana-benfika-1-taymda-esep-ashyl-an-zho-541270/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Астана»-«Бенфика»: 1-таймда есеп ашылған жоқ

> УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде С тобында кездескен «Астана»-«Бенфика» матчының 1-тайм...

[!\[«Астана»-«Бенфика»: 1-таймда есеп ашылған жоқ\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/09/20150916014833-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/09/20150916014833.jpg)

УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде С тобында кездескен «Астана»-«Бенфика» матчының 1-таймында есеп ашылған жоқ.

Португалияда Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы кездесуін өткізіп жатқан «Астана» командасы матчтің 1-таймында қарсыласының қақпасына қарай бірнеше мәрте шабуыл жасады. Атап айтсақ, «Бенфика» қақпасына қарай Жолшиев пен Кабананга бір-бір реттен қауіпті доп тепті. Қазақстаннан барған командаға қарсы өз алаңында Португалияның «Бенфикасы» да бірнеше мəрте шабуыл жасаса да, есепті аша алмады. Матчтың 1-таймында екі команданың да екі жасыл карточкасы бар. Айта кетейік, «Астана» командасы бүгін мына негізгі құрамда ойын көрсетуде: Эрич, Аничич, Илич, Постников, Шомко, Максимович, Жуков, Кетевоама, Каньяс, Джолчиев, Кабананга. «Бенфика» командасында Жулио Сезар, Луизао, Элизеу, Жардел, Семеду, Самарис, Гайтан, Митроглу, Жонас, Гонсалу Гедеш, Талиска ойнап жатыр.

Автор: [Кенжекей Тоқтамұратқызы](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1196)

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astana-benfika-1-taymda-esep-ashyl-an-zho-541270](https://yvision.kz/kk/post/astana-benfika-1-taymda-esep-ashyl-an-zho-541270)