---
title: "«Астана» баскетбол клубы латвияның ВЭФ командасын жеңіп кетті"
description: "«Астана» баскетбол клубы ВТБ бірыңғай лигасы плей-офф 1/8 финалының бірінші матчында латвиялық В..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-05-01T22:53:36+00:00"
modified: "2013-05-01T22:53:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astana-basketbol-kluby-latviyany-vef-komandasyn-zhe-ip-ketti-350830"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astana-basketbol-kluby-latviyany-vef-komandasyn-zhe-ip-ketti-350830/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Астана» баскетбол клубы латвияның ВЭФ командасын жеңіп кетті

> «Астана» баскетбол клубы ВТБ бірыңғай лигасы плей-офф 1/8 финалының бірінші матчында латвиялық В...

[!\[«Астана» баскетбол клубы латвияның ВЭФ командасын жеңіп кетті\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/05/4f576c3276f87b59b20c4cea0a4e216d.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/05/4f576c3276f87b59b20c4cea0a4e216d.jpg)

 

«Астана» баскетбол клубы ВТБ бірыңғай лигасы плей-офф 1/8 финалының бірінші матчында латвиялық ВЭФ-ті 89:76 есебімен жеңіп кетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Дэвид Саймон 19 ұпай, Бранко Цветкович — 18, Джерри Джонсон мен Антон Пономарев — 14 ұпайдан жинады.

Аталған командалардың екінші кездесуі 3-ші мамырда Ригада өтеді.

ВТБ бірыңғай лигасының 1/8 финалы.

«Астана» (Астана, Қазақстан) — ВЭФ (Рига, Латвия) 89:76 (18:20, 18:23, 26:12, 27:21).

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astana-basketbol-kluby-latviyany-vef-komandasyn-zhe-ip-ketti-350830](https://yvision.kz/kk/post/astana-basketbol-kluby-latviyany-vef-komandasyn-zhe-ip-ketti-350830)