---
title: "Astana Arlans мықты боксшыларды еліміздің түкпір-түкпірінен іздейтін болады"
description: "Қазақстандық Astana Arlans клубы еліміздің түкпір-түкпірінен өз командасына шақырғысы келетін дарын..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-07-16T23:19:51+00:00"
modified: "2013-07-16T23:19:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astana-arlans-my-ty-boksshylardy-elimizdi-t-kpir-t-kpirinen-izdeytin-bolady-363619"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astana-arlans-my-ty-boksshylardy-elimizdi-t-kpir-t-kpirinen-izdeytin-bolady-363619/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Astana Arlans мықты боксшыларды еліміздің түкпір-түкпірінен іздейтін болады

> Қазақстандық Astana Arlans клубы еліміздің түкпір-түкпірінен өз командасына шақырғысы келетін дарын...

#

![Astana Arlans мықты боксшыларды еліміздің түкпір-түкпірінен іздейтін болады](http://bnews.kz/picture/380/news/f0edad5d73f261c9d0f7c5c91d53a647.jpg)

Қазақстандық Astana Arlans клубы еліміздің түкпір-түкпірінен өз командасына шақырғысы келетін дарынды боксшылардың тізімін жасады, деп хабарлады Vesti.kz тілшісі.

«Құрамды жиынтықтау бойынша жұмыс басталды. Дүниежүзілік бокс сериясының төртінші маусымында салмақ дәрежелерінің саны (бестен онға дейін) ұлғаяды. Барлық командаларға өз құрамдарын ұлғайтуға тура келеді. Шетелдік спортшылардан басқа клуб құрамында қазақстандықтардың саны ұлғаймақ», — делінген ақпаратта.

Astana Arlans бас директоры Болат Мәнкеновтың айтуынша, олар облыстық бокс федерацияларына өз командаларына қажетті боксшылардың тізімін таратты. Кейбіреулері келісімдерін беруде. Тағы бір тізім республикалық федерацияға берілді. Онда әлем чемпионатына қатыспайтын Қазақстан құрамасының мүшелері көрсетілген. Сондай-ақ, өткен маусымдағы құрамның жартысы командадан кетеді.

Дүниежүзілік бокс сериясының төртінші маусымы күзде басталады

 

«www.bnews.kz».

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astana-arlans-my-ty-boksshylardy-elimizdi-t-kpir-t-kpirinen-izdeytin-bolady-363619](https://yvision.kz/kk/post/astana-arlans-my-ty-boksshylardy-elimizdi-t-kpir-t-kpirinen-izdeytin-bolady-363619)