---
title: "«Astana Arlans» — «Mexico Guerreros»: шаршы алаңға шығатын жұптар анықталды"
description: "Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) жаңа маусымындағы үшінші матчта қазақстандық «Астана Арланс» клу..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-11-28T03:29:20+00:00"
modified: "2013-11-28T03:29:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astana-arlans-mexico-guerreros-sharshy-ala-a-shy-atyn-zh-ptar-any-taldy-387192"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astana-arlans-mexico-guerreros-sharshy-ala-a-shy-atyn-zh-ptar-any-taldy-387192/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Astana Arlans» — «Mexico Guerreros»: шаршы алаңға шығатын жұптар анықталды

> Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) жаңа маусымындағы үшінші матчта қазақстандық «Астана Арланс» клу...

[!\[қазақстандық «Астана Арланс» клубы\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/11/20131127164240-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/11/20131127164240.jpg)

Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) жаңа маусымындағы үшінші матчта қазақстандық «Астана Арланс» клубы мексикалық «Mexico Guerreros» командасымен бақ таластырады, деп хабарлайды[Vesti.kz](http://vesti.kz/).

Қазақстандықтар құрамында шаршы алаңға Мардан Берікбаев (49 келі), Мейірболат Тоитов (56 келі), Жәнібек Әжібай (64 келі), Сергей Деревянченко (75 келі), Василий Левит (91 келі) шығады.

Мексика клубы келесі құрамды ұсынды: Хосе Альберто Залета Рейес, Серхио Чирино Санчес, Кристиан Биелма, Диего де Хесус Морено Амадор және Кристиан Демай.

Сонымен, шаршы алаң төрінде атой салатын жұптар құрамы:

49 келі. Мардан Берікбаев — Хосе Альберто Залета Рейес

56 келі. Мейірболат Тоитов — Серхио Чирино Санчес

64 келі. Жәнібек Әжібай — Кристиан Биелма

75 келі. Сергей Деревянченко — Диего де Хесус Морено Амадор

91 келі. Василий Левит — Кристиан Демай.

Еске сала кетейік, «Astana Arlans» клубы Дүниежүзілік бокс сериясының қазіргі чемпионы болып табылады. Біздің боксшылардың «Mexico Guerreros-қа» қарсы кездесуі 6 желтоқсан күні Алматыда Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astana-arlans-mexico-guerreros-sharshy-ala-a-shy-atyn-zh-ptar-any-taldy-387192](https://yvision.kz/kk/post/astana-arlans-mexico-guerreros-sharshy-ala-a-shy-atyn-zh-ptar-any-taldy-387192)