---
title: "«Астана Арландарының» қарсыластары белгілі болды"
description: "Швейцариялық Лозанна қаласында Дүниежүзілік бокс сериясының төртінші маусымының жеребе тарту рәс..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-07-02T22:41:55+00:00"
modified: "2013-07-02T22:41:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astana-arlandaryny-arsylastary-belgili-boldy-360894"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astana-arlandaryny-arsylastary-belgili-boldy-360894/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Астана Арландарының» қарсыластары белгілі болды

> Швейцариялық Лозанна қаласында Дүниежүзілік бокс сериясының төртінші маусымының жеребе тарту рәс...

[!\[«Астана Арландарының» қарсыластары белгілі болды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/07/a073ca4b640fa84bbaa28c6b60e50a0e.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/07/a073ca4b640fa84bbaa28c6b60e50a0e.jpg)

 

Швейцариялық Лозанна қаласында Дүниежүзілік бокс сериясының төртінші маусымының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды [Sports.kz](http://sports.kz/).

Қазақстандық команда «Azerbaijan Baku Fires», «Cuba Domadores», «Hussars Poland», «Mexico Guerreros» және «Russia» командаларымен бірге В тобына түсті. Ал А тобына «Algeria Desert Hawks», «Argentina Condors», «German Eagles», «Dolce & Gabbana Italia Thunder», «Ukraine Otamans» және «USA Knockouts» командалары кірді.

Маусымдағы бірінші кездесу Қазақстанда өтеді. «Астана Арландары» «Azerbaijan Baku Fires» боксшыларымен жұдырықтасады.

Ережедегі негізгі өзгеріс – жарыс он салмақ дәрежесі бойынша өтеді: 49 кг, 52 кг, 56 кг, 60 кг, 64 кг, 69 кг, 75 кг, 81 кг, 91 кг, 91 кг жоғары. Еске сала кетсек, алдыңғы маусымда жарыс бес салмақ дәрежесі бойынша өткен.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astana-arlandaryny-arsylastary-belgili-boldy-360894](https://yvision.kz/kk/post/astana-arlandaryny-arsylastary-belgili-boldy-360894)