---
title: "«Астана арландары» неміс боксшыларынан басым түсті"
description: "«Астана арландары» неміс боксшыларынан 3:2 есебімен басым түсті, деп жазады kazsporttv.kz. Дүни..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-03-30T23:19:20+00:00"
modified: "2014-03-30T23:19:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astana-arlandary-nemis-boksshylarynan-basym-t-sti-407477"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astana-arlandary-nemis-boksshylarynan-basym-t-sti-407477/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Астана арландары» неміс боксшыларынан басым түсті

> «Астана арландары» неміс боксшыларынан 3:2 есебімен басым түсті, деп жазады kazsporttv.kz. Дүни...

[!\[«Астана арландары» неміс боксшыларынан басым түсті\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/03/20140330093016-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/03/20140330093016.jpg)

«Астана арландары» неміс боксшыларынан 3:2 есебімен басым түсті, деп жазады kazsporttv.kz.

Дүниежүзілік бокс сериясының ширек финалындағы «Team Germany» мен «Астана арландары» кездесуінің соңғы жекпе-жегінде 91 келі салмақтағы боксшылары шаршы алаңға шықты. Бұл жекпе-жекте Василий Левитке германиялық Артур Манн қарсылас атанды. Манн топтық кезеңде екі рет жекпе-жек өткізіп, біреуінде ғана жеңіске жеткен. Ал әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Василий Левит топтық бәсекеде өткізген төрт жекпе-жектің барлығын жеңіспен аяқтаған. Бұл жолы да қазақстандық боксшы жекпе-жекті өз пайдасына шешілді. Василий Левит кезекті жеңісіне қол жеткізіп қоймай, ширек финалдың алғашқы кездесуінде «Астана арландарына» жеңіс әкелді. Қорытынды есеп: «Астана арландары» мен «Team Germany» - 3:2. Бұған дейін Мейірболат Тойытов пен Асхат Уәлиханов қарсыластарына есе жібергенімен, Теміртас Жүсіпов пен Сергей Деревянченко өз жекпе-жектерін жеңіспен аяқтады. «Team Germany» мен «Астана арландары» арасындағы қарымта кездесу 5 сәуірде Алматыда өтеді. Бұл кездесуде шаршы алаңда «Астана арландары» сапынан Мирас Жақыпов (52 келі), Самат Бәшенов (60 келі), Мейірім Нұрсұлтанов (69 келі), Данабек Сужанов (81 келі) және Руслан Мырсатаев (+91 келі) жұдырықтасады. Сонымен қатар, қосымша жекпе-жекке қажет болған жағдайда Ілияс Сүлейменов шығады.

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astana-arlandary-nemis-boksshylarynan-basym-t-sti-407477](https://yvision.kz/kk/post/astana-arlandary-nemis-boksshylarynan-basym-t-sti-407477)