---
title: "Астана қаласының әкімі жалпықалалық сенбілікке қатысты"
description: "Published 22.09.2015 24.kz Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков «Біз – таза қала үшін» жалпы қ..."
author: "Green-bridge1"
published: "2015-09-24T22:12:24+00:00"
modified: "2015-09-24T22:12:24+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astana-alasyny-kimi-zhalpy-alaly-senbilikke-atysty-548268"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astana-alasyny-kimi-zhalpy-alaly-senbilikke-atysty-548268/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астана қаласының әкімі жалпықалалық сенбілікке қатысты

> Published 22.09.2015 24.kz Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков «Біз – таза қала үшін» жалпы қ...

Published 22.09.2015

[24.kz](http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/83777-alaly-senbilikke-atysty) Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков «Біз – таза қала үшін» жалпы қалалық сенбілікке қатысты. Елорда әкімі сенбілік өткізудің маңыздылығына тоқталып, қала тұрғындарын тазалық сақтауға шақырды. Қаланың тазалығын сақтау әрбір астаналықтың өмір сүру дағдысына айналу керектігін атап өтті.

- Экологиялық сенбілік өзінің тікелей мақсатынан бөлек басқа да маңызды мәселелерді қамтиды. Шара «Бұл – менің қалам. Мен өз қаламды таза әрі көрікті етемін!» деген ұстанымдағы адамдарды біріктіреді. Және олардың қатары күннен-күнге артуда. Сондықтан да біздің қала күн өткен сайын таза әрі көрікті бола түсуде.Астана іс жүзінде елордалық мәдениеттіқалыптастыруда,- деді Ә.Жақсыбеков. Сенбілікке алғаш рет 100 мыңға жуық адам қатысуда, сонымен қатар 450-ден астам техника жұмылдырды. Экологиялық айлық аясында Астанада қала аумағын санитарлық тазарту, көшелер, тротуарлар мен аулаіші аумақтарын тазалау жүргізіліп, ағаш отырғызылды. Сонымен қатар, жаңбыр суы желілері мен арық-науа құбырлары тазартылып, саябақтар мен гүлбақтардағы жасыл көшеттерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар жүргізілді, заңсыз қоқыс орындары мен ластанған учаскелер жойылды. Сенбілік кезінде астаналықтар тал, үйеңкі, қарағай, шырша, шегіршін, теректердің 4 мыңға жуық түбін отырғызды. Сондай-ақ, мектеп, балабақша, медициналық мекемелердің аумақтарында 3 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Сенбілік барысында астаналықтар жалпы саны 8 мыңнан астам ағаш отырғызды. Шара аясында студенттер, волонтерлар мен әскерилердің қатысуымен Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінің арнасы мен жағасын қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазарту бойынша экологиялық акциялар өткізілді. Еске сала кетейік, 7 қыркүйек-7 қазан аралығында елордада Астана қаласы аумағын санитарлық тазалау, абаттандыру мен көгалдандыру бойынша күзгі экологиялық айлық өткізілуде.

 

http://gbpp.org/kz/2015/09/7414

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astana-alasyny-kimi-zhalpy-alaly-senbilikke-atysty-548268](https://yvision.kz/kk/post/astana-alasyny-kimi-zhalpy-alaly-senbilikke-atysty-548268)