---
title: "Астана қаласы туралы үздік жарияланым бойынша «Нысанада — Астана» қалалық байқауы туралы ереже"
description: "Астана қаласы туралы үздік жарияланым бойынша «Нысанада - Астана» қалалық байқауы туралы ереже Байқа..."
author: "Baiterek_mediacentre"
published: "2014-07-28T03:59:40+00:00"
modified: "2014-08-29T02:21:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astana-alasy-turaly-zdik-zhariyalanym-boyynsha-nysanada-astana-alaly-bay-auy-turaly-erezhe-421353"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astana-alasy-turaly-zdik-zhariyalanym-boyynsha-nysanada-astana-alaly-bay-auy-turaly-erezhe-421353/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астана қаласы туралы үздік жарияланым бойынша «Нысанада — Астана» қалалық байқауы туралы ереже

> Астана қаласы туралы үздік жарияланым бойынша «Нысанада - Астана» қалалық байқауы туралы ереже Байқа...

**Астана қаласы туралы үздік жарияланым бойынша**

**«Нысанада - Астана» қалалық байқауы туралы**

**ереже**

**Байқау туралы жалпы ережелер****:**

«Бәйтерек» халықаралық медиа орталығы қаладағы әлеуметтік маңызды оқиғаларды ақпараттық баяндау мәселелері бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру аясында «Нысанада - Астана» байқауын өткізеді.

**Байқау мақсаты****:**

- Қаладағы әлеуметтік маңызды оқиғалар жайлы жан-жақты және объективті баяндау.

**Байқау міндеті****:**

- Бұқаралық ақпарат құралдарында және Интернет желісінде Астана қаласының позитивті имиджін/брендін қалыптастыру;
- Электронды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы елорда тұрғындарының ерекшеліктері мен мәселелеріне қоғам назарын аудару;
- Журналисттер, блогерлер және қоғам үшін ақпараттық ашықтықты дамытуды ынталандыру;
- Қаладағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік өзгерістердегі электронды бұқаралық ақпарат құралдарының позитивті ролін арттыру;
- өз жұмыстарында аталған тақырыптарды объективті, жүйелі және толық баяндайтын қатысушыларды көтермелеу;
- масс-медиа саласында талантты мамандарды анықтау және ынталандыру.

**Қатысу шарттары****:**

**Байқауға ҚР азаматтары қатыса алады**.

Байқауға қатысу үшін байқаудың мақсаттары мен міндеттеріне, сонымен қатар, таңдаған аталымға сәйкес тақырыпта жарияланым дайындау.

Бір автор өз жұмыстарын бірнеше аталым бойынша ұсына алады, бірақ бір ғана аталым бойынша жеңіске жетеді.

Байқауға ұсынылған жұмыстар бұған дейін еш жерде жарияланбаған болу керек және мақала, сұхбат пен эссе түрінде ұсынылуы мүмкін.

Материал көлемі - кем дегенде 4000 белгі. Авторлық фотосуреттер саны: кем дегенде 5, ең көбі 20 фотосурет.

Әлеуетті қатысушылар байқауға қатысу үшін өтініш (1 Қосымша) береді және 2014 жылғы 5 желтоқсанға дейін astanablogi@yandex.ru мекенжайына өзінің жарияланымына (Интернет желісінде жарияланған) электронды түрдегі сілтемені жолдайды.

Байқау соңында үздік жарияланымдар әлеуметтік желілердегі белгілі «пабликтерде» орналастырылатын болады.

**Байқау аталымдары****:**

**№**

**Аталым**

**1**

**«Астана.** **Кеше және бүгін****»** - елорданың 16 жылдағы жетістіктері туралы

жарияланымдар.

**2**

**«****Жасыл қала****» -** елорданы абаттандыру және көгалдандыру туралы жарияланымдар.

**3**

**«****Ақылды қала****»** - қаланың инфрақұрылымын дамыту туралы,

соның ішінде «Smart Astana» жобасы аясындағы жарияланымдар.

**4**

**«****Елорда и****нтерьер****і»** - елорданың сәулеттік келбеті туралы жарияланымдар.

**5**

**«****Қауіпсіз аула****»** - қауіпсіз аула жасау бойынша ұсыныстар

мен идеялар (бейнебақылау, ерікті кезекшілер және т.б.)

**6**

**«****Елордадағы** **PRO****спорт»** - елорданың спорттағы жетістіктері,

спорттық шаралар мен акциялар туралы жарияланымдар.

**7**

**«****Білім қаласы****» -** білім саласындағы шаралар туралы жарияланымдар.

**8**

**«****Балалық шақ қаласы****» -** балаларға арналған және олардың

қатысуымен өтетін шаралар туралы жарияланымдар.

**9**

**«****Болашақ қаласы****» -** сіздің пайымдауыңызша,

«Экспо-2017» көрмесі өтетін кезде қала қандай болады?

**10**

**«****Мейірімділік қаласы****» -** елордадағы волонтерлік пен

қайырымдылық туралы жарияланымдар.

**11**

**«Астана.** **Жолдағы қауіпсіздік****» -** жол қозғалысы ережелерін

сақтау қажеттілігі, соның ішінде балаларға арналған креслоның болуы туралы жарияланымдар.

**12**

**«****Бұдырлы** **рез****еңке****.** **Қала тұрғындарының пікірі****» -** мәселені зерттеу,

шешімдер механизмін ұсыну, таңдауға ғылыми негіздер.

**13**

**«Астана** **тұлғалары****»** - қызықты қала тұрғындары туралы

жарияланымдар немесе сұхбат.

**14**

**«****Елорда мәдениеті мен өнері****»** - Астананың мәдениет пен өнер

саласындағы жетістіктері.

**15**

**«****Халықтар достығы қаласы, менің Астанам****»** - ұлттық орталықтардың жұмысы

және халықтар достығы туралы әңгімелер.

**Жеңімпаздарды марапаттау****:** 2014 жылғы 10-15 желтоқсан.

**Жұмыстарды бағалау к****ритери****йлері****:**

- Материалдағы талдау деңгейі мен ақпараттық қанықтығы;
- Объективтілігі мен дұрыстығы, жарияланымдарда олқылықтардың, әсірелеудің, біліксіз қорытындының болмауы;
- Авторлық стиль және тіл мәдениеті;
- Тақырыпты зерттеу ерекшелігі;
- Сыртқы баяндау формасының материалдың ішкі мағынасымен сәйкестігі;
- Ұсынылған материалдың қолжетімділігі;
- Қоғамның қызығушылық тудыруы (оң пікірлердің, «лайк», «мне нравится», түсіндірмелердің, үндеулердің, сілтемелердің және т.б. болуы).

**Байқауға ұсынылған жұмыстарда****:**

- Балағат сөздер, кемсітушілік, кез-келген формада адамның немесе жеке топтың намысына тиетін ақпараттар қолданылмауы тиіс.

- Біреулердің мәтіндерін (толығымен немесе жартылай) қолдануға мүлдем тыйым салынады.

**Қазылар алқасының мүшелері****:**

Қазылар алқасының құрамына журналисттер, жазушылар мен қоғам қайраткерлері кіреді;

Қазылар алқасының мүшелері үздік жұмыстарды іріктеп, дипломдар мен сыйлықтарға ұсынады, байқау жеңімпаздарын анықтайды және әр аталым бойынша дипломдармен және сыйлықтармен марапатталатын қатысушылар санын белгілейді;

Қазылар алқасы материалдарды қарау мерзімін өзгертуге, қосымша аталымдар жариялауға және байқаудың кейбір аталымдары бойынша ғана жеңімпаздарды анықтауға құқылы.

**Қазылар алқасының мүшелері****:**

- Байқауға қатысушыларды бағалау бойынша оларға жүктелген міндеттерді адал атқаруға;
- Байқау аяқталғанша байқаудың аралық және соңғы нәтижелері туралы мәліметтерді жария етпеуге;
- Байқауға жолданған жұмыстарды, сонымен қатар, байқауға қатысушылар туралы мәліметтерді Интернетте және басқа да бұқаралық байланыс құралдарында таратпауға;

**Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау****.**

Ұйымдастырушылар байқауға жолданған барлық материалдарды авторға сілтеме жасай отырып, пайдаланады: Байқауға қатысуға берілген өтініш қатысушының материалдарды ұйымдастырушыларың қызметінде пайдалануға келісуі болып саналады.

Байқау қорытындысы бойынша шешім Байқаудың Қазылар алқасы мүшелерінің қарапайым дауыс басымдығымен қабылданады, хаттамамен ресімделеді және Байқаудың ұйымдастырушылық комитетінің отырысында бекітіледі.

Әр аталым бойынша жеңімпаздар анықталып, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен - Samsung Galaxy Tab планшеттерімен марапатталады.

Барлық қызықтыратын мәселелер бойынша мына телефонға хабарласуға болады:

**8** **(7172) 910-845, 910-842 (факс).**

**Ережеге**

**№ 1** **Қосымша**

**Астана қаласы туралы үздік жарияланым бойынша**

**«Нысанада - Астана» қалалық байқауына қатысуға**

**өтініш**

Аты, әкесінің аты, тегі_________________________________________

Туған жылы _________________________________________________

Білімі_______________________________________________________

Жұмыс істейтін немесе оқитын жері______________________________

Әлеуметтік желілердегі жеке профайлдың мекенжайы _______________

Аталым _____________________________________________________

Жарияланымға сілтеме ____________________________________

Байланыс телефоны____________________________________________

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astana-alasy-turaly-zdik-zhariyalanym-boyynsha-nysanada-astana-alaly-bay-auy-turaly-erezhe-421353](https://yvision.kz/kk/post/astana-alasy-turaly-zdik-zhariyalanym-boyynsha-nysanada-astana-alaly-bay-auy-turaly-erezhe-421353)