---
title: "«Астана» Africa Eco Race раллиінің 10-шы кезеңінде мәреге жетті"
description: "Africa Eco Race раллиінің тағы бір жарыс күні аяқталды. Жарысқа қатысушылар Тенадиден Кобаға дейі..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-01-09T07:38:27+00:00"
modified: "2013-01-09T07:38:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astana-africa-eco-race-ralliini-10-shy-keze-inde-m-rege-zhetti-313216"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astana-africa-eco-race-ralliini-10-shy-keze-inde-m-rege-zhetti-313216/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Астана» Africa Eco Race раллиінің 10-шы кезеңінде мәреге жетті

> Africa Eco Race раллиінің тағы бір жарыс күні аяқталды. Жарысқа қатысушылар Тенадиден Кобаға дейі...

[!\[«Астана» Africa Eco Race раллиінің 10-шы кезеңінде мәреге жетті\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/01/5224d90fa68a9af280ae8969307320b9-300x199.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/01/5224d90fa68a9af280ae8969307320b9.jpg)

 

Africa Eco Race раллиінің тағы бір жарыс күні аяқталды. Жарысқа қатысушылар Тенадиден Кобаға дейін 648 шақырымды жүріп өтті. Бүгін, 9-шы қаңтарда жарыстың соңғы кезеңі өтеді, деп хабарлады Astana Racing Team-ның баспасөз қызметі.

Осы кезеңнің қорытындылары бойынша, «Астана» экипаждары жақсы нәтижелер көрсетті. MEBAR M440 автокөлігіндегі Қанат Шағыров пен Александр Мороздың экипажы жалпы есепте 11 –ші орында тұрақтады. Бұл команда 10-шы кезеңнің нәтижелері бойынша Т2 категориясында тағы бір мәрте бірінші орынға иеленді.

Bowler автокөлігіндегі Юрий Сазонов пен Арслан Сахимовтың экипажына келетін болсақ, олар бас турнир кестесінде 18-ші орынға ие болды.

Арнайы учаскенің 196 шақырымын Шағыров-Мороз 4 сағат 6 минут 15 секундта жүріп өтсе, осы дистанцияны Сазонов-Сахимов экипажы 4 сағат 45 секундта жүріп өтті.

Africa Eco Race халықаралық ралли рейдінің оныншы кезеңі Сенегал аумағында өтіп, Дакардағы Розовый көлінде аяқталады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astana-africa-eco-race-ralliini-10-shy-keze-inde-m-rege-zhetti-313216](https://yvision.kz/kk/post/astana-africa-eco-race-ralliini-10-shy-keze-inde-m-rege-zhetti-313216)