---
title: "Астанаға Тайландтан 3,5 келі гашиш майын алдыртқан"
description: "Тайландтан халық тұтынатын тауарлары түріндегі почта сәлемдемелері арқылы аса ірі мөлшерде есірткі заттарын жеткізу фактісін Қаржылық мониторинг агенттігі “Әуежай-Астана” кеден бекеті мен «DHL» курьерлік компаниясының қызметкерлерімен бірлесіп..."
author: "jan.123"
published: "2024-06-13T06:17:24+00:00"
modified: "2024-06-13T06:17:24+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astana-a-taylandtan-3-5-keli-gashish-mayyn-aldyrt-an-1005609"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astana-a-taylandtan-3-5-keli-gashish-mayyn-aldyrt-an-1005609/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астанаға Тайландтан 3,5 келі гашиш майын алдыртқан

> Тайландтан халық тұтынатын тауарлары түріндегі почта сәлемдемелері арқылы аса ірі мөлшерде есірткі заттарын жеткізу фактісін Қаржылық мониторинг агенттігі “Әуежай-Астана” кеден бекеті мен «DHL» курьерлік компаниясының қызметкерлерімен бірлесіп...

*Тайландтан халық тұтынатын тауарлары түріндегі почта сәлемдемелері арқылы аса ірі мөлшерде есірткі заттарын жеткізу фактісін Қаржылық мониторинг агенттігі “Әуежай-Астана” кеден бекеті мен «DHL» курьерлік компаниясының қызметкерлерімен бірлесіп тоқтатты.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/c2a3b8bfbcdbe06675b5c41446df6b.jpg) ҚМА Астана қаласы бойынша Департаментінің қызметкерлері қызметтік-іздестіру итінің көмегімен «DHL» уақытша сақтау қоймасын тексеру кезінде кедендік бақылау аймағында халықаралық почта жөнелтімдерінен 3 қорап табылды, олардың ішінде жалпы салмағы 3,5 келі каннабис сығындысы (гашиш майы) табылды. Жедел тергеу іс-шаралары барысында төрт күдікті анықталды. Олардың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізіліп, онда салмағы 787 гр марихуана және есірткі заттарын өлшеп-орау үшін қажетті басқа да заттар табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Төрт күдікті қамауға алынды.

[afm_rk](https://www.instagram.com/afm_rk/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astana-a-taylandtan-3-5-keli-gashish-mayyn-aldyrt-an-1005609](https://yvision.kz/kk/post/astana-a-taylandtan-3-5-keli-gashish-mayyn-aldyrt-an-1005609)