---
title: "Астанаға келуім."
description: "Алғаш астанаға келгенім есіме түсіп кетті. Он жыл Алматыда тұрғаннан кейін Астанадан жеткен ұсынысты..."
author: "tusupbekuly"
published: "2014-07-06T13:38:21+00:00"
modified: "2014-07-06T13:38:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astana-a-keluim-420434"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astana-a-keluim-420434/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астанаға келуім.

> Алғаш астанаға келгенім есіме түсіп кетті. Он жыл Алматыда тұрғаннан кейін Астанадан жеткен ұсынысты...

Алғаш астанаға келгенім есіме түсіп кетті. Он жыл Алматыда тұрғаннан кейін Астанадан жеткен ұсынысты бірден қабылдау оңай болған жоқ. Оның үстіне шақырып тұрған мемлекеттік мекеме емес, жекеменшік апталық газет. Сенім мен күдік арпалысып тұрғанда мен екеуін де таңдамадым... Тәуекелді таңдадым.

![MiYC68rasUbzMa44kavBYEmqNY10Oo.jpg](https://storage.yvision.kz/images/user/tusupbekuly/MiYC68rasUbzMa44kavBYEmqNY10Oo.jpg)

Себебі, сәл бөтендеу қалада жақын араласатын да, жақын туысың да болмағаны қиындау. Астана мейірімсіз қала деген шикікөзқарас басым. Керісінше, мен жылылықты осы қаладан таптым. Екінші ұлым Ұлағат осы жерде туды.

![iF3WwHwNysNVSSD86cMC0dyMDZ8TIb.jpg](https://storage.yvision.kz/images/user/tusupbekuly/iF3WwHwNysNVSSD86cMC0dyMDZ8TIb.jpg)

Дос та таптым, бауыр да кездестірдім. Саналы түрде тәуекелге барғаныма өкінбеймін. Қиындықтарды да болар болмас дүние деп шештім.

![L0gxUU7Ny6Hd5Z1fMO9LC04B2gIG34.jpg](https://storage.yvision.kz/images/user/tusupbekuly/L0gxUU7Ny6Hd5Z1fMO9LC04B2gIG34.jpg)

Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әрбір отбасының шаңырағында тек қуаныштар болсын деймін! #astanaday2014

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astana-a-keluim-420434](https://yvision.kz/kk/post/astana-a-keluim-420434)