---
title: "Ассамблея мүшелері мерейтойлық медальдармен марапатталды"
description: "Тәуелсіз тарихымыздағы ең қастерлі тұс - ауызбіршілігіміз екені анық. Бірлік жоқ жерде мемле..."
author: "kaztrk_kz"
published: "2011-12-15T07:05:59+00:00"
modified: "2011-12-15T07:05:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/assambleya-m-sheleri-mereytoyly-medaldarmen-marapattaldy-213126"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/assambleya-m-sheleri-mereytoyly-medaldarmen-marapattaldy-213126/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ассамблея мүшелері мерейтойлық медальдармен марапатталды

> Тәуелсіз тарихымыздағы ең қастерлі тұс - ауызбіршілігіміз екені анық. Бірлік жоқ жерде мемле...

Тәуелсіз тарихымыздағы ең қастерлі тұс - ауызбіршілігіміз екені анық. Бірлік жоқ жерде мемлекет құрылмайды. Тірліктің баяны болмайды. 20 жылдағы жемістің жұмыстың бірі Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылуы. Бұл ұйымды айрандай ұйытып, сан ұлтты бір қолға біріктіріп отырған Елбасы саясатының саралығы.

Басшыға қосшы бола білген халықтың даралығы. Бүгін Астанада бас қосқан Ассамблея мүшелері мерекелік шара өткізіп, отандастарына жылы лебіздерін жолдады.

Қазақстан Халқы Ассамблеясы! Ел бірлігін сақтауда мойнына жүктелген міндеті ауыр ұйым бұл білгенге. 350-ден астам орталығы бар іргелі ынтымақ ордасы бүгінде. Айту керек, ТМД аумағында Қазақстаннан басқа бірде-бір елде қырық рудың басын біріктірген мұндай ұйым құрылмаған. Татулықтың тірегі болған Тәуелсіздіктің ең үлкен жемісі осы. [Толығырақ...](http://kaztrk.kz/kaz/news/nezavisimost/Assambleja_musheleri_merejtojlik_medaljdarmen_marapattaldi.html#go)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/assambleya-m-sheleri-mereytoyly-medaldarmen-marapattaldy-213126](https://yvision.kz/kk/post/assambleya-m-sheleri-mereytoyly-medaldarmen-marapattaldy-213126)