---
title: "Аспаннан нұр жауған күн... Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 7-ші күні"
description: "Қазақ спорты тарихында тұңғыш рет алтын алған Жасұлан Қадырбаев , күмісті кеудесіне қондырған Влади..."
author: "Abitaevna"
published: "2014-11-14T13:15:32+00:00"
modified: "2014-11-14T13:21:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aspannan-n-r-zhau-an-k-n-auyr-atletikadan-lem-chempionatyny-7-shi-k-ni-439639"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aspannan-n-r-zhau-an-k-n-auyr-atletikadan-lem-chempionatyny-7-shi-k-ni-439639/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Аспаннан нұр жауған күн... Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 7-ші күні

> Қазақ спорты тарихында тұңғыш рет алтын алған Жасұлан Қадырбаев , күмісті кеудесіне қондырған Влади...

**Қазақ спорты тарихында тұңғыш рет алтын алған Жасұлан Қадырбаев , күмісті кеудесіне қондырған Владимир Седов және Жазира Жаппарқұл. Төгілген жас, шартарапқа жайылған қуаныш, чемпиондардың шынайы көңілі. Біз үшін жемісті болған 7-ші күннің жеңісті сәттеріне куә болыңыздар.**

Бұл күні Балуан Шолаққа жиналған көрермен алтын жолындағы алғашқы үмітін Мая Манезадан күткен еді. Алайда спорттық карьерасын отбасылық өмірмен жалғастырған олимипиада чемпионы бұл жолы 8-ші орыннан көрінді. Айта кету керек, 2012-жылдан кейін енді қатысып тұрған ірі сайысы.

![Аспаннан нұр жауған күн... Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 7-ші күні](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/NH6rSwEMm8omLz9Zz1UqxDq2ZT88JT.jpg)

![Аспаннан нұр жауған күн... Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 7-ші күні](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/8QSh1mQoUThVHm1LJN6890NkIJdgzr.jpg)

"Әруақ" деп Балуан Шолақ сарайын дүр сілкіндірген Жазира Жаппарқұл. Жұлқа көтеруде 118 келіні, серіппе көтеруде 144 келіні еңсеріп күмісті еншіледі.

![Аспаннан нұр жауған күн... Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 7-ші күні](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/5F6J6c1eledK210738xGCsEZtW694C.jpg)

Бірінші орын 265 келіні көтерген КХДР спортшысы Ун Рио, қола медаль 261 келімен Қытайлық Ченде.

![Аспаннан нұр жауған күн... Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 7-ші күні](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/7tfklXl4VMG5HVRLE70q07GgSyCfBS.jpg)

Жазира алғашқы бапкерімен

![Аспаннан нұр жауған күн... Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 7-ші күні](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/6AlNa6g2jHyj7185bN7nrB1c1DwcfI.jpg)

> "Қазақ қызы міндетті түрде алуы керек деп ойладым."

Кешкі сағат 19:00. Шаршы алаңда 94 келі салмақтағы атлеттердің сайысы басталды.

![Аспаннан нұр жауған күн... Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 7-ші күні](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/4OQ2WF7Jwdv8mEpE8nq87bpLa4H77u.jpg)

![Аспаннан нұр жауған күн... Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 7-ші күні](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/HyrGQXH1hnDRj66cK9ziyYIfZKBz0V.jpg)

![Аспаннан нұр жауған күн... Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 7-ші күні](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/6572yYIFYRwRe4pvV4qkRR9a41amif.jpg)

Бірінші сайыс бойынша Жасұлан 3 мүмкіндіктің екеуін пайдаланып, 179 келімен тоқтаған еді. Серіппе көтеруде 229 келіні көтерді.

![Аспаннан нұр жауған күн... Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 7-ші күні](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/D6KO8sJo921b06YfQL14098hM4N4O9.jpg)

Ал Владимир Седов алғашқысында 3 мүмкіндікті сәтті пайдаланғанымен де, екінші сайыста 219 келімен тоқтады.

![Аспаннан нұр жауған күн... Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 7-ші күні](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/9AIk4Fbpun53M3gbGEjZ0T7PBr22Tx.jpg)

Литвалық атлет - Ауримас Диджвалиш. Қоссайыстың қола жүлдегері.

![Аспаннан нұр жауған күн... Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 7-ші күні](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/24blQY4DuveS42g3PSSpX2wiNVc7jT.jpg)

Марапаттау рәсімі

![Аспаннан нұр жауған күн... Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 7-ші күні](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/d64f2uj14nHS2BF4gilXKyRa9zyITW.jpg)

![Аспаннан нұр жауған күн... Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 7-ші күні](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/J4p1Jm9l1Qq7QYxlODi8kt5A5304pH.jpg)

![Аспаннан нұр жауған күн... Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 7-ші күні](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/RXfnGs5E6E8u3iCK4gBC14QY2Q9PB7.jpg)

Жасұланның отбасы

![Аспаннан нұр жауған күн... Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 7-ші күні](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/4wjb7Ip1tAb4k9bAEUKkIACjofEFY1.jpg)

![Аспаннан нұр жауған күн... Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 7-ші күні](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/z02FXvO3ZKjjYRPk3Q5k1uSegDb4jm.jpg)

Чемпиондар командасы

![Аспаннан нұр жауған күн... Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 7-ші күні](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/SpVi80VHLvNZ4vTW1f6R1fe6eu9hnK.jpg)

Жеңісті күндер ұзағынан болғай!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aspannan-n-r-zhau-an-k-n-auyr-atletikadan-lem-chempionatyny-7-shi-k-ni-439639](https://yvision.kz/kk/post/aspannan-n-r-zhau-an-k-n-auyr-atletikadan-lem-chempionatyny-7-shi-k-ni-439639)