---
title: "«Ғашық жігітке» ғашық болған АстанаТВ көрермендері"
description: "Арнамызда көрсетіліп жатқан фильм, сериал, бағдарламалар бойынша бізге толассыз хаттар келіп жатады...."
author: "AstanaTV"
published: "2015-03-13T04:06:43+00:00"
modified: "2015-03-13T04:06:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ashy-zhigitke-ashy-bol-an-astanatv-k-rermenderi-481823"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ashy-zhigitke-ashy-bol-an-astanatv-k-rermenderi-481823/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Ғашық жігітке» ғашық болған АстанаТВ көрермендері

> Арнамызда көрсетіліп жатқан фильм, сериал, бағдарламалар бойынша бізге толассыз хаттар келіп жатады....

Арнамызда көрсетіліп жатқан фильм, сериал, бағдарламалар бойынша бізге толассыз хаттар келіп жатады. Жақында «Ғашық жігіт» (http://astanatv.kz/program/index/id/444.html) телехикаясы туралы өз пікірлерін білдірген зейнеткер көрермендерімізден хат келіп түскен еді. Хатта аталмыш сериалды аса зор қызығушылықпен көргенін, тіпті, қызыққаны соншама әрбір сериясын қайталап көріп, кино кейіпкерлерімен бірге күйініп, бірге қуанғанын жазған.

![«Ғашық жігітке» ғашық болған АстанаТВ көрермендері](https://storage.yvision.kz/images/user/astanatv/ldN4aXU59agRuX15Kvl5lUBLQ7zo5w.jpg)

Әсіресе, бас рөлді шынайы сомдаған актер Хан Тесанның өнеріне тәнті болыпты. Айтуға оңай, дегенмен берілген рөлді соңына дейін тақырыптан ауытқымай, көрерменге жеткізіп, жүректерін шымырлата білген де өнер екенін тілге тиек еткен. Фильмде аянышты тағдырларды, жан күйзелістерін, нағыз махаббатты, шыдамдылық пен көре алмаушылықты, кешіру мен түсіну, жомарттық пен жан сұлулықты көріп, қажет кезінде тағылым алғанын жеткізе отырып, зейнеткер көрермендеріміз фильмнен алған әсерлерін бөлісуде.

Хаттың аяғында барлық актерлерге алғысын білдірумен қатар, алдағы уақытта адамды жалықтырмайтын тәрбиелік мәні бар ғажап туындыларды шығара беруін тілей отырып, Корей Республикасының Мәдениет министрлігінен «Ғашық жүрек» телехикасында бас рөлді сомдаған Хан Тесанға атақ беруін сұрайтынын білдірген еді.

![хат 1-ші бет](https://storage.yvision.kz/images/user/astanatv/A5G56WoVE12voRR9squHUy5WoCeSi2.jpg)

![хат 2-ші бет](https://storage.yvision.kz/images/user/astanatv/Xc7k68Hcr4xve79JdzX9r9w8PKPGJr.jpg)

Құрметті көрермендеріміз, сіздерге сапалы, жақсы, айтары мен берері бар, тағлымы мен тәлімі мол таңдаулы, сапалы туындылар мен кино, бағдарлама, телехикаяларды көрсетіп, алдағы уақытта да қуантамыз деген үміттеміз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ashy-zhigitke-ashy-bol-an-astanatv-k-rermenderi-481823](https://yvision.kz/kk/post/ashy-zhigitke-ashy-bol-an-astanatv-k-rermenderi-481823)