---
title: "«Ашық жүрек» акциясы жалғасуда"
description: "Мейірімді қала тұрғындары бұл жексенбі күндерін қайырымдылыққа арнады. «Ашық жүрек» акциясы аясында..."
author: "CRMI"
published: "2016-02-28T06:09:14+00:00"
modified: "2016-02-28T06:09:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ashy-zh-rek-akciyasy-zhal-asuda-680771"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ashy-zh-rek-akciyasy-zhal-asuda-680771/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Ашық жүрек» акциясы жалғасуда

> Мейірімді қала тұрғындары бұл жексенбі күндерін қайырымдылыққа арнады. «Ашық жүрек» акциясы аясында...

Мейірімді қала тұрғындары бұл жексенбі күндерін қайырымдылыққа арнады. «Ашық жүрек» акциясы аясында Жастар бастамаларын дамыту орталығында қайырымдылық концерті ұйымдастырылды. Қаңтар айынан бастау алған бұл акцияға осы жолы да түрлі ойыншықтар, кітаптар, оқу құрал жабдықтарымен толықты.

![«Ашық жүрек» акциясы жалғасуда](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/U4gccK6NYWuiXwZ54EYp1Jnk2et8mP.jpg)

Қайырымдылық концерті жайлы әлеуметтік желіден көрген жастар қызығушылық танытып, қатысуға ниет білдірді. Осылайша шағын концертімізде қала жастары өз өнерлерімен тамсандырды. Шараға мың бұралған бишілер би билеп, заманауи әндерін айтып, қызықты сиқыр көрсетумен жалғады. Өнерлі жастар балалар үйіне осындай концерттік бағдарламалармен өнер көрсетуге ниетті екендерін жеткізді.

![«Ашық жүрек» акциясы жалғасуда](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/9HUtOoquhtv2xKoLx1NvCARHC596MP.jpg)

Егер Сіз сәбиге бақыт сыйлағыңыз келсе «Ашық жүрек» акциясы жыл соңына дейін жалғасады.

Біздің мекен-жайымыз: Ломов көшесі38,103 кабинет.

Байланыс телефоны: 66-12-45

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ashy-zh-rek-akciyasy-zhal-asuda-680771](https://yvision.kz/kk/post/ashy-zh-rek-akciyasy-zhal-asuda-680771)