---
title: "«Ашық жүрек» акциясы бастау алды"
description: "Жастар бастамаларын дамыту орталығында қаңтар айынан бастап «Ашық жүрек» қайырымдылық акциясы бастау..."
author: "CRMI"
published: "2016-02-04T02:49:50+00:00"
modified: "2016-02-04T02:49:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ashy-zh-rek-akciyasy-bastau-aldy-676665"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ashy-zh-rek-akciyasy-bastau-aldy-676665/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Ашық жүрек» акциясы бастау алды

> Жастар бастамаларын дамыту орталығында қаңтар айынан бастап «Ашық жүрек» қайырымдылық акциясы бастау...

Жастар бастамаларын дамыту орталығында қаңтар айынан бастап «Ашық жүрек» қайырымдылық акциясы бастау алды. Бұл іс-шара алғаш рет ұйымдастырылып отырғанымен, жыл соңына дейін жалғасын табады. Отбасы үлгісіндегі балалар үйлері және санаторилерінде өткізу жоспарланған.

![«Ашық жүрек» акциясы бастау алды](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/7sxeI4K95Grnxz73sbhPJ1GD899saP.jpg)

Алғаш «Ашық жүрек» акциясы Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде ұйымдастырылды. Жастар бастамаларын дамыту орталығы аталған мекемедегі тәрбиеленушілерге естен кетпес күн сыйлады. 80 ге жуық 3 жастан 16 жасқа дейінгі жеткіншектер түрлі тренингтерге қатысып, домбыраның үнімен ән тыңдап, испан биін тамашалап, көңіл көтерді.

![«Ашық жүрек» акциясы бастау алды](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/wId3s3i08zPAMjoD47VCqyfD33EXD1.jpg)

Балалар үшін ең қызығы сыйлықтарды табыстау рәсімі болды. Мейірімді павлодарлықтардың арқасында тәрбиеленушілер осындай бақытқа бөленді. Орталыққа әкелген түрлі сыйлықтар, кітаптар кеңпейілді жандардың атынан табысталды.

![«Ашық жүрек» акциясы бастау алды](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/r5kI7GZIuiDbwez1HG1QybWKPnaQd8.jpg)

Егер Сіз сәбиге бақыт сыйлағыңыз келсе «Ашық жүрек» акциясы жыл соңына дейін жалғасады.

Біздің мекен-жайымыз: Ломов көшесі,103 кабинет.

Байланыс телефоны: 66-12-45

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ashy-zh-rek-akciyasy-bastau-aldy-676665](https://yvision.kz/kk/post/ashy-zh-rek-akciyasy-bastau-aldy-676665)