---
title: "«Ғашықтың тілі – тілсіз тіл». Астанада «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күніне арналған акция өтті."
description: "Қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының мұрындық болуымен өткен шараға шаһардың жастары жин..."
author: "ad1lbekkkk"
published: "2017-05-30T03:03:56+00:00"
modified: "2017-05-30T03:21:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ashy-ty-tili-tilsiz-til-astanada-ozy-k-rpesh-bayan-s-lu-k-nine-arnal-an-akciya-tti-768386"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ashy-ty-tili-tilsiz-til-astanada-ozy-k-rpesh-bayan-s-lu-k-nine-arnal-an-akciya-tti-768386/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл». Астанада «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күніне арналған акция өтті.

> Қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының мұрындық болуымен өткен шараға шаһардың жастары жин...

Қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының мұрындық болуымен өткен шараға шаһардың жастары жиналып, арнайы флешмоб ұйымдастырды. Жобаның мақсаты – бүгінгі толқын арасында рухани-танымдық құндылықтарды ұлықтау. Игі бастама ертең де жалғасын табады. «Ең әдемі жұп», «Ең үздік махаббат хикаясы» байқауларының жеңімпаздары анықталады. Ал бүгінгі жиын соңында жастар көкке махаббат шарларын ұшырды. *Ақұлан Тастемір, қала тұрғыны:
- Осы шараны естіп қуандық. Себебі Астана қаласында қаншама жастар бар. Бұл шараға қызыққанымыз – жас отбасыларға арналған түрлі байқаулар бар екен. Соған қатысып, өз белсенділігімізді көрсетсек деп едік.* *Ардақ Жүсіпова, қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы:
- Бұл акцияның негізгі мақсаты – жастар арасында қазақстандық патриотизмді дамыту, қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып отырған отбасылық құндылықтарды күшейту және де осы «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күнін тойлауды жастар арасында кеңінен насихаттау.*

Теги: [общество](http://horde.me/tag/%D0%BE%D0%B1%D1%89%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B2%D0%BE) , [культура](http://horde.me/tag/%D0%BA%D1%83%D0%BB%D1%8C%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0) , [семья !\[«Ғашықтың тілі – тілсіз тіл». Астанада «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күніне арналған акция өтті.\](https://storage.yvision.kz/images/user/ad1lbekkkk/rwEw5DZB9zl1QSzP0b08r3Yoi94jQ0.jpg)](http://horde.me/tag/%D1%81%D0%B5%D0%BC%D1%8C%D1%8F)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ashy-ty-tili-tilsiz-til-astanada-ozy-k-rpesh-bayan-s-lu-k-nine-arnal-an-akciya-tti-768386](https://yvision.kz/kk/post/ashy-ty-tili-tilsiz-til-astanada-ozy-k-rpesh-bayan-s-lu-k-nine-arnal-an-akciya-tti-768386)