---
title: "«Ашық есік күніне» шақырады"
description: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентті..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-02-26T06:26:44+00:00"
modified: "2019-02-26T06:26:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ashy-esik-k-nine-sha-yrady-827150"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ashy-esik-k-nine-sha-yrady-827150/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Ашық есік күніне» шақырады

> Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентті...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросының БҚО бойынша департаменті «Ашық есік күніне» қатысуға ниет білдірген барлық қатысушыларды шақырады. Келушілерге уәкілетті орган қызметінің негізгі бағыттары бойынша ақпараттар беріліп, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «Мемлекеттен көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарына түсіндірме беріліп, азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізіледі.

Іс-шараның мақсаты Департаменттер мен халық арасында сенімгерлік және серіктестік қатынасты арттыру, сондай-ақ азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды және жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған.

«Ашық есік күні» 2019 жылдың 28 ақпанында сағат 10:00-17:00 аралығында Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы 201мекенжайында (2 қабат) өтеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ashy-esik-k-nine-sha-yrady-827150](https://yvision.kz/kk/post/ashy-esik-k-nine-sha-yrady-827150)