---
title: "Ашық есік күні"
description: "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентт..."
author: "finpolsko"
published: "2017-05-05T07:18:28+00:00"
modified: "2017-05-05T07:18:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ashy-esik-k-ni-765910"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ashy-esik-k-ni-765910/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ашық есік күні

> Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентт...

![Ашық есік күні](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/raOqrsb8J21t124vn9ZTXK6NG5192c.jpg)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен облыстық Жастар ресурстық орталығының қатысуымен «Ашық есік күні» науқаны шеңберінде а.ж. 5 мамырда СҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ филиалының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің № 1 бөлімінде азаматтардың қабылдауы және облыс орталығының тұрғындары арасында сауалнама жүргізілді.

![Ашық есік күні](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/tdsuVQbAV2hhv22Tt3VmXhGqV6ZI2V.jpg)

Әлеуметтік сауалнама аясында тұрғындарға мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасы, қызметті берушілер мамандарының біліксіздігі, қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту жағдайлары туралы сұрақтар қойылды.

Науқан шеңберінде азаматтардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға құқықтары және олардың сапасына шағымдану тәртібі туралы ақпараты бар кітапшалар таратылды.

![Ашық есік күні](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/07fhVtpDA5OHTXUgsgDqA0c37NZNw6.jpg)

Осы іс-шара 2017 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар Жоспары шеңбірінде көзделген, оның нәтижесі бойынша ұсыныстар жасалып, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жоғарылату үшін қызмет берушілерге жіберіледі.

Мемлекеттік қызметтерді алу мәселесі жөніндегі азаматтардың қабылдауы және әлеуметтік сауалнама бекітілген кестеге сәйкес СҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ филиалының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің барлық бөлімдерінде жүргізіледі.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ashy-esik-k-ni-765910](https://yvision.kz/kk/post/ashy-esik-k-ni-765910)